Фейк: Қытайда 2,8 миллион адам короновирус жұқтырған

Қытайда миллиондаған адам короновирус жұқтырғаны туралы ақпарат-жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Кеше мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қытайда 2,8 миллионнан астам адам вирус жұқтырғаны және 112 мың адам қайтыс болғаны туралы ақпарат таратылды.

“Ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан кез-келген ақпаратқа сенбеуге және тек тексерілген, ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз”, – деді министрлік өкілдері.

Factcheck.kz редакциясы ресми мәліметтерді салыстырды: 27 қаңтар, дүйсенбі күні Қытайда 2019-nCoV коронавирус жұқтырған 2744 адам анықталды. Бір тәулік ішінде барлығы 700-ден астам адам ауырып қалды, ал коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті. ҚХР Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының деректері.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирус мәселелері жөнінде call-орталық құрылды.

Factcheck.kz