24 маусым күні сағат 09:20 шамасында Арыс қаласының маңында орналасқан Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында өрт шыққан болатын. Содан бері әлеуметтік желілерде көптеген видео мен фото және әртүрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Кейбір қолданушылар фейк ақпараттың бар екенін де жазып жатыр.
Factcheck.kz сайты осы оқиғаға байланыста әлеуметтік желілерде тараған фейктерді біртіндеп тексеруге кірісіп кетті. Осы мақсатта бірнеше сәйкес органның жауабын күтіп отыр.
Төмендегі сурет әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көп таралды және Арыстағы жарылысқа қатысты БАҚ материалдарында берілді. Өзбекстанның кейбір медиасы мен Ресейлік “РБК” арнасы видеоны Қазақстандағы оқиғамен байланыстырған.

Үкім: Фейк
Суреттің Арыста болған оқиғаға еш қатысы жоқ. Бұл – Украинадағы жарылыс кезінде түсірілген видеоның скрині. Оқиға 2017 жылы 23 наурызда Балаклея қаласында орналасқан әскери қоймада болған.
Google images search-ке салып, іздестіріп көргенімізде Арыс қаласындағы оқиғаға ешқандай байланысы жоқ екені дәлелденді. Сурет /скрин/ Балаклея оқиғасы кезінде түсірілген видеодан алынған. Өрт салдарынан әскери қоймада жарылыс болып, 4 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапқан.

Видеоны анықтап қарасаңыз, украин және орыс тілдеріндегі сипаттаманы байқауға болады. Төменде видеоның толық нұсқасы берілген.
Бұдан бөлек ютубтың қазақ тілді сегментінде екі немесе бірнеше видеоның қосындысы бар монтаждалған видеолар да таралуда.
https://www.youtube.com/watch?v=MX-PO4UJDYc&fbclid=IwAR2Ipq-qIBDjPdqAEuyEVvK2l9N4PEzKH0LDDENjmJw6k-woHjSVjU2H0H0
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Арыстағы оқиғаға қатысты күмәнді ақпарат кезіктірсеңіз бізге жолдаңыз:
Қазақ тілінде:
пошта: [email protected]
Instagram: factcheck_kz
Facebook: Fact Checking Kazakhstan
Telegram: birgeteksereik
Орыс тілінде:
пошта: [email protected]
Instagram: factcheck.kz
Facebook: FactCheck.KZ
Telegram: factcheckkz
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.