Арыс: апат жайлы не білеміз?

Арыс қаласында орын алған жарылыс күннің, аптаның, тіпті айдың басты тақырыбына айналғаны сөзсіз.

Апат жайлы қазіргі уақытта белгілі деректерге Factcheck.kz шолу жасады. 

Маусымның 24-і Шымкенттен шамамен жүз шақырым жерде орналасқан 44 мың халқы бар Арыс қаласының әскери қоймасында жарылыс болды.

Таңертең: куәгерлердің видеосы әлеуметтік желіде тарайды

«24 маусым 9 сағ 20 мин.Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Арыс қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында өрт шыққандығы жайлы хабарлама келіп түсті» деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Артынша әлеуметтік желілерде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеолары пайда бола бастады.

©видео Shokan Alkhabayev

Сондай-ақ, жарылыстан соң қаладағы үйінділер түсірілген видеолар тарады. 

©видео Мас Киеубала

Төтенше жағдайдың алғашқы сағаттарында Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев Арысқа келгені хабарланды. Адамдарды қаладан эвакуациялау жайлы ақпарат осы кезде пайда болды. Informburo.kz сайтының хабарлауынша эвакуациялау үшін көлік көрші аудандардан және Шымкенттен жөнелтілді. Қаладан жергілікті аурухана емделушілерін тасымалдап жатыр.

Жарылыс болған жерге жақын жүрген әскерилер бөлімшеден қашып,жол-жөнекей кездейсоқ азаматтарды құтқарған.

©видео Alher Sarkulov

Қорғаныс министрі жарылыс өрттің салдарынан болғанын хабарлады. Бастапқы ақпаратқа сәйкес жарылыстан жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ақпарат кейіннен жаңартылады.

«Ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласты. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желі ашты.

РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» орталығы Арыс қаласындағы жарылыстарға байланысты облыста 09:30-дан 12:00 аралығында бірқатар жерасты сілкінісін тіркеді.

Түс: апаттың көлемі біз ойлағаннан да үлкен

Сағат 12:53 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парағында шұғыл тапсырмасы жайлы жазды. 

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым»

https://platform.twitter.com/widgets.js

Көп ұзамай Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының тұрғындарын толық эвакуациялау қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша адамдарды арнайы лагерьлерге апарып, аудан әкімдері эвакуацияланғандардың тізімін дайындайды.

«Арыс қаласының әкімінің тапсырмасы бойынша халықты Монтайтас ауылына көшіру үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімшілігі 36 автобус жіберді. Қалада 15 эвакуациялық пункт жұмыс істейді. Арыс қаласынан келген 600-ден астам ересектер мен балалар 11 эвакопунктке орналастырылды. Барлық жоғалған балалар Самал-3 шағын ауданы, Арғынбеков көшесі Назарбеков атындағы №87 мектептің эвакопунктіне орналастырылды» деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер және қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келіп жетті.

Өмірзақ Шөкеев жараланған адамдардың қайда екенін білетін куәгерлерден олардың мекен-жайын хабарлауын сұрап, видео үндеу жариялады. Видеода әкім дәрігерлер мұқтаж жандарға көмектесуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, Ордабасы және Отырар ауданында екі үлкен госпиталь ашылғанын хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі апатқа байланысты «Шымкент – Арыс – Тимур» аймақтарында жолаушы пойыздардың кешігуін хабарлады. Otyrar.kz хабарлауынша сағат түскі екі шамасында Шымкент қаласының бірінші қалалық ауруханасына зардап шеккендер жеткізілді.  

Әлеуметтік желілерде жарылыстың эпицентрінен алшақ құлаған снарядтардың видеосы тарап кетті.

©Fisherman from Kazakhstan

Otyrar-дың дерегі бойынша жарылыстан соң бірнеше сағаттан кейін Шымкентте жол-көлік қозғалысы қиындай түсті. Көліктер шектен тыс толып, Арыс тұрғындары бір-біріне қаладан кетуге көмектесті. Әскери қызметкерлер де қала тұрғындарын эвакуациялады. 

Sputnik Казахстан сағат 16:00-де 500 адам Шымкенттегі орталық мешіттен пана тапқанын хабарлады. Оның 200-і ата-анасын жоғалтқан бала. Эвакуциядан кейін ата-анасынан жоғалып қалған балалар Ордабасы ауданынынң Төреарық ауылындағы Тәукехан атындағы орталық мектепте жиналып жатқаны анықталды. Іздеу жұмыстарын тездету үшін балалардың суреті желіде жарияланып жатыр.

Тұрғындар эвакуацияланған соң желіде Арыстың видеосы пайда болады. Авторлардың айтуынша бос көшелер мен қираған үйлер көрсетілген видео сағат 17:00 түсірілген. 

  https://youtu.be/-ynN8keEToM

©видео Dudoser

Полиция Қылмыстық кодекстің 462-бап, 1-тармағы бойынша («Қару және қауіпті заттарды сақтау ережесін бұзу») бойынша іс қозғады. ІІМ баспасөз қызметі:

«Төтенше жағдай орнына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінің 463 қызметкері мен 53 техникасы жеткізілді. Оның ішінде азаматтық қорғаныс органдарының 193 қызметкері мен 23 аппараты, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің  270 қызметкері және 30 аппараты бар. Сондай-ақ Шымкенттегі Қазақстанның Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің 500 әскері қоғамдық тәртіпті қорғау үшін Арысқа жіберілді»

Кеш: Тоқаев Арыста, қаза тапқан адам

Кешкі сағат жетіде жарылыс кезінде бір адам қайтыс болғаны белгілі болды. Жедел брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев:

«Жарақаттанғандар бар, 31 адам медициналық мекемелерге жөнелтілді. Екі адамның жағдайы ауыр. Бір адам қайтыс болды. Оның көлігіне снаряд құлаған» деп мәлімдеді. 

Қорғаныс министрінің хабарлауынша жарылыс бірнеше күнге жалғасуы мүмкін. Соңғы деректер бойынша 15 адам ауруханаға жатқызылды.Брифингте:

«17:00-ге дейін 23 адам өздігінен көмек сұрап келді, 48 адам  Шымкент және Ордабасы қалаларындағы клиникаларға жеткізілді. 15 адам ауруханаға жатқызылды. Екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды» деп Республикалық шұғыл медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығының басшысы Біржан Оспанов хабарлады.

Кешке Қасым-Жомарт Тоқаев жағдаймен жеке танысу үшін Арысқа  вице-премьер Жеңіс Қасымбекпен бірге барды. 

Тоқаев Шөкеевтың баяндамасымен танысып, қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау білдірді. Сонымен қатар, президент эвакуацияланған тұрғындармен сөйлесті.  

25 маусым: екі адам қаза тапты

Бүгін таңертен үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин оқиғаға байланысты жаңа деректерді хабарлады.

Маминнің хабарлауынша  Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстың салдарынан екі адам қайтыс болды.Қайтыс болғандардың біреуі әскер, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны.

Денсаулық сақтау министрінің дерегі бойынша жарылыстан соң 165 адам медициналық көмек сұрады, оның 76-сы амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал 89-ы ауруханаға жатқызылды.  

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтің хабарлауынша қаладан шамамен 41 мың адам кетті. Оның 39 мыңы өздігінен кетсе, 2815-і эвакуацияланды.

Арыста 23 өрт сөндіру бригадасы жұмыс істейді, 19 тұрғын үйде, 9 шаруашылық үйдегі өрт сөндірілді.

Тұрғындардың қалаға кіруіне тыйым салынды. Себебі, әлі жарылмаған снарядтар бар.

Үш адам тұтқындалды. Дүкен мен тұрғын үй тоналғаны анықталды.

Оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстар тоқтамағандықтан өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Бүгін таңертен Түркістан облысының әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов шаршаған өртсөндірушілердің фотосын жариялады.

©Сәкен Қалқаманов, Facebook

«Өмірін қатерге тігіп, Арыстағы өртті өшіріп, тұрғындарды эвакуациялаған өртсөндірушілердің алдында басымды иемін. Түнде оларға қауіпсіз аймақта орын дайындап бердік, алайда спорт залда, жерде ұйықтап қалды. Таңға жуық әскери бөлімше аймағынан басқа,  қаладағы барлық өрт сөндірілді. Нағыз батырлар. Төтенше жағдайды жоюға 400 әскер жұмылдырылды».  

 

Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на телевидении и радио, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году. Возглавлял алматинскую редакцию проекта «Спутник-Казахстан», ведёт колонку медиакритики для проекта NewReporter.org