Аулада “шашлык жасағандарға” айыппұл салына ма?

Кәуап маусымы басталғалы бері әлеуметтік желілерде “аулада, саяжайларда кәуап жасағандарға айыппұл салынады” деген тақырыптың төңірегінде түрлі ақпарат тарап жүр (1,2,3,4). Ақпаратқа сенсек, енді аулада, саяжайларда және таулы өлкеде кәуап пікіргенде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаса. 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Аулада "шашлык жасағандарға" айыппұл салына ма?

Мәлімдеме: Үйдің ауласында, саяжайда кәуап жасауға тыйым салды, 78 мың теңге айыппұл салады.

Үкім: Манипуляция

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылы “Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Өзгеріске сай енді құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған қалаларда ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөпті жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Осы үшін арнайы 174-тармақты енгізді. Алайда бұл кәуапты мүлде жасауға болмайды деген сөз емес. ТЖМ ұсынған арнайы ережелерді сақтай отырып кәуапты жасауға болады.

ТЖМ-нің мәліметінше, кәуап жасау барысында мынадай арнайы ережелерді сақтау керек:

  • Мангалды тек жанғыш қоқыстардан тазартылған арнайы бөлінген алаңдарда қолдану;
  • Құрылыс не ғимараттардан кем дегенде 10 метр қашықтық сақтау;
  • Тұтану үшін бензин не басқа да жанғыш заттарды пайдаланбау;
  • Мангалды қараусыз қалдырмау;
  • Жақын маңда өрт сөндіру құралы не су құйылған арнайы бөшке болуы керек.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz