7.01 | Трамп Қытай қосымшаларына тыйым салды, Макс Боқаев, Конгресс Байденнің жеңісін растады

Макс Боқаевтың 4 ақпанда түрмеден шығатыны хабарланды

2016 жылы жер митингінен кейін 5 жылға сотталған азаматтық белсенді Макс Боқаев 4 ақпанда босатылады. Бұл туралы оның серіктесі Талғат Аян Facebook парақшасында хабарлады. Азаттық радиосының дерегінше, ресми орындар бұл ақпаратты әлі растамады.

Серіктесінің айтуынша, УГ 157/9 мекемесінің әкімшілігі Боқаевқа 4 ақпанда бостандыққа шығады.

“19 қаңтарда сағат 15.30-да Атырау қалалық №2 сотында Макс Боқаевқа әкімшілік бақылау тағайындау туралы сот өтеді. Әкімшілік бақылауды 6 айдан екі жылға дейін тағайындауы мүмкін. Бұл – адам құқығын шектеу. Жазасын өтеп шыққан адам ай сайын пробация қызметіне баруы, үйінен түнде шықпауы, қаладан, елден шықпау керек және оны сақтамағаны үшін түрмеге қамалады. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін де бас бостандығынан айыруы мүмкін” деп жазды ол.

Cонымен бірге, Бокаевқа әкімшілік қадағалауды тағайындауды “заңсыз” деп санайтынын жазды.

Азаттық тілшісі Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ДПББ) басшысы Манарбек Ғабдуллинмен байланысқа шықты. Ол Боқаевтың босатылатын күнін нақтылаймын деп, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған.

Трамп қытайлық сегіз қосымшаны пайдалануға тыйым салатын жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп төлем жүйесіне арналған сегіз қосымшаны әзірлеген және оларды бақылайтын Қытай компанияларымен қаржы операцияларын жасауға тыйым салды. Трамп мұндай жарлыққа 5 қаңтарда қол қойды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Бұл жарлыққа сәйкес, Қытайдың Alipay, QQWallet, Tencent QQ, WeChatPay, Camscanner, SHAREit, Vmate және WPS Office қосымшаларын пайдалануға тыйым салынды. Трамптың пікірінше, Қытай бұл бағдарламалар арқылы америкалық мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректерін анықтап, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Жарлық президент қол қойғаннан кейін 45 күннен соң күшіне енеді. Сарапшылардың айтуынша, Қытай нарығымен бизнес жасайтын өкілдер бұл жарлыққа наразы болуы мүмкін.

АҚШ Конгресі Джо Байденнің жеңісін растады

7 қаңтарда АҚШ Конгресі демократ Джо Байденді АҚШ-тың келесі президенті етіп ресми түрде бекітті. Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.

6 қаңтарда басталған Конгресстің екі палатасының жиынында, сайлаушылар алқасының дауысы бекітілуі керек еді. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен жақтаушылары Капитолийге басып кіріп, жиын өтпеген еді.

АҚШ Конституциясында Конгресс тарапынан дауыс беру нәтижесін мақұлдау міндетті шара екені жазылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz