25.12 | Сайлауды бақылайтын платформа, Alibaba компаниясының күдікке ілінуі, ең көп бейнебақылау орнатқан ел

Ресей Қытай мен АҚШ-тан кейін бейнебақылау орнату бойынша үшінші орында

Ресей елі Қытай мен АҚШ-тан кейін бейнебақылау камераларының саны бойынша көшбасшы елдердің үштігіне кірді. Бұл туралы «Коммерсант»‎ сайты хабарлады.

Бұлтты бейнебақылау және видеоаналитика нарығының зерттеуінде Ресейде 13,5 миллион камера немесе мың адамға шаққанда 93,2 камера екені жазылған. Қытай 200 миллионға жуық бейнебақылау камерасымен бірінші орында орында. Ал АҚШ 50 миллион камерамен екінші орында.

Бұл зерттеуде Германия, Жапония, Ұлыбритания, Вьетнам, Франция, Оңтүстік Корея, Аустралия елдерінде де көп екені жазылған.

Қазақстанда сайлауды бақылайтын жаңа платформа пайда болды

Қазақстандағы сайлауды бақылайтын Voices of Kazakhstan атты жаңа платформа пайда болды. Бұл туралы Holanews.kz сайты хабарлады

Италияның Адам құқығы жөніндегі федерациялық қор (FIDU) президенті Антонио Станго мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев жетекшілік ететін Freedom Kazakhstan қоры (FKF) алдағы парламент сайлауының нәтижелері туралы мәліметтер жариялап отыратын Voices of Kazakhstan бірлескен жобасы ашылғанын хабарлады.

Аталмыш жоба Telegram чат-боттарының көмегімен жүзеге асады. Жобаны 23 желтоқсан күні «Ашық диалог» қорының президенті Людмила Козловска мен «Уральская неделя» басылымының директоры Тамара Еслямова таныстырды.

FKF қорының жетекшісі Барлық Меңдіғазиевтің сөзінше, жаңа платформа белорус белсенділерінің президент сайлауы кезіндегі тәжірибелеріне сүйе отырып жасалған. Сондай-ақ ол барлық тәуелсіз бақылаушыларды біріктіруге мүмкіндік беруі тиіс.

«Індет кезінде халықаралық қауымдастық тарабынан көптеген бақылаушылар мен журналистер келе алмайтындықтан Антонио Стангодан сайлауды объективті бақылауға көмектесуін сұрағанмын. Ол қолдады. Басты талап — сайлаушылар бюллетеньдерді екі жағынан анық етіп түсіріп, жолдауы тиіс», — деді Барлық Меңдіғазиев.

Техникалық топ өкілдерінің айтуынша, сайлау аяқталғаннан кейін хабарламалар сұрыпталып, тез арада нәтижесі жарияланатын болады. Жобаға барлық азаматтар, сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері де қатыса алады.

Айта кетсек, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған «Nur Otan», «Ақжол», «Адал», «Ауыл» және «Қазақстан халық партиясы» қатысады.

Қытай Alibaba компаниясына қатысты тергеуді бастады

Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы Alibaba компаниясын монополияға қатысты тергеуді бастады.

“Нарықты бақылау және реттеу жөніндегі мемлекеттік басқарма келіп түскен шағымға байланысты Alibaba компаниясын монополияға күдік бойынша тергеуді бастады”, – делінген хабарламада.

Alibaba Group акциясы монополияға қарсы тергеу басталған тұста Гонконг биржасында 8,21 пайызға төмендеді.

Alibaba Group-Қытайдың ең ірі интернет компаниясы. Бұл компания 1999 жылдан бастап электрондық коммерция саласында жұмыс істейді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz