17.12 |Жапониядағы “туиттер қылмыскердің” өлім жазасы, Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар жайлы зерттеу және басқалары

WhatsApp компьютермен видео арқылы қоңырау шалу функциясын қосуды жоспарлап жатыр

Қазіргі уақытта WhatsApp компьютер арқылы қоңырау шалу функциясын әзірлеп жатыр. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша, WhatsApp аудио және видео арқылы қоңырау шалу функциясын тесттен өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта WhatsApp-та тек смартфондарда аудио және видео арқылы қоңырау шалуға болады. Алайда мұндай қызмет компьютерде жоқ еді.

17.12 |Жапониядағы "туиттер қылмыскердің" өлім жазасы, Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар жайлы зерттеу және басқалары

Егер сіз біреуге қоңырау шалатын болсаңыз, таңдаған адамыңыз туралы жеке терезе шығатын болады. Ол жерде қоңырау шалуға арналған арнайы батырмалар болады.

Жапониядағы “туиттер қылмыскер” өлім жазасына кесілді

30 жастағы Такахиро Сираиси интернетте дос болған тоғыз адамның өлтірілгенін мойындады. Бұл жағдай қаза болғандардың өз-өзіне қол жұмсау жайлы ойларын айтқаннан кейін болған. Бұл туралы Theguardian сайты хабарлады.

17.12 |Жапониядағы "туиттер қылмыскердің" өлім жазасы, Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар жайлы зерттеу және басқалары
Фото: Kyodo / Reuters

Жапонияның соты 2017 жылы суицид туралы ойларын білдіргеннен кейін интернет арқылы танысқан тоғыз адамды өлтіргені үшін “туиттер қылмыскер” деп аталған адамды өлім жазасына кесті.

30 жастағы Такахиро Сираиси өзінің құрбандарын тұншықтырып, бөліп тастағанын мойындады. Сонымен бірге, олардың сегізі әйелдер болған. Ең кішісі 15, ал ең үлкені 26 жаста болған. Бұдан бөлек судья құрбандардың өлімге келіспегенін айтқан.

Оның туиттердегі профилінде: “мен шынымен зардап шегетін адамдарға көмектескім келеді. Маған кез-келген уақытта жеке хат жаза жіберіңіз”, деген хабарлама болған.

Зерттеу: Шыңжаңда жүздеген мың ұйғыр мен қазақты мақта өндіруге мәжбүрлейді

Америкалық сараптама орталығы Шыңжаңда тұрып жатқан жүздеген мың түркітілдес халық өкілдерін, соның ішінде ұйғырлар мен қазақтарды мақта теруге мәжбүрледі деп Пекинді айыптады. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

17.12 |Жапониядағы "туиттер қылмыскердің" өлім жазасы, Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар жайлы зерттеу және басқалары
Шыңжаңның Хотан аймағында мақта теріп жүрген адамдар. Қытай, 2017 жыл.

Жаһандық саясат орталығы 15 желтоқсанда жариялаған есепте Қытайдың ресми құжаттарынан және ақпарат құралдарының хабарларынан көбіне ұйғырлар тұратын үш ауданның өзінде ғана кемінде 570 мың адамның мақта теруге жіберілгені анықталды делінген. Адамдар “кедейлікпен күрес” бағдарламасының аясында жұмысқа жегілген.

Есепте жұмысқа күштеп жегілгендер саны бұдан “бірнеше жүз мың адамға көп болуы мүмкін” делінеді. Оның үстіне, Шыңжаңнан экспортталатын мақтаның көп бөлігі мәжбүрлі еңбекке жегілгендердің арқасында жиналған болуы ықтимал дейді сарапшылар.

Америка Құрама Штаттары биыл аймақтағы ұйғырлар мен басқа да этностық топтардың құқықтарын бұзуға қатысы бар деген себеппен “Шыңжаңның өндіріс-құрылыс корпусына” санкция салған. Жаһандық саясат орталығының мәліметі бойынша, бұл компания аймақта шығатын барлық мақтаның тек үштен бірін ғана өндіреді, “Шыңжаңда жиналатын мақтаның барлығына мәжбүрлі еңбек күші пайдаланылады”.

Қытайдан шығатын мақтаның 85 пайызы Шыңжаңға тиесілі. Дүниежүзіндегі мақтаның 20 пайызы осы аймақтан шығады.

Қытай сыртқы істер министрлігі америкалық орталық есебіндегі ақпаратты жоққа шығарды. Мекеменің айтуынша, Шыңжаңдағы барлық этностық топ өкілдері айналысатын кәсібін өз еркімен таңдайды.

“Барлық этностық топ өкілдерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесудің мәжбүрлі еңбекке ешқандай қатысы жоқ”, – деді министрлік өкілі Ван Вэньбинь.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz