Қазақстан онлайн-сервис көрсету жағынан әлемде 8-орында ма?

21 қарашада өткен Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электронды үкіметке қатысты баяндама жасады. Баяндама барысында елдегі элекстронды жүйе, проактивті қызметтер және сервис көрсету түрлері бойынша сөз қозғады. Министрдің айтуынша, еліміз онлайн-сервис көрсету жағынан едәуір жетістікке жетіп, БҰҰ рейтиңі бойынша дүниежүзінде 8-орын алған. Аталған деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 30:48

Мәлімдеме: БҰҰ рейтиңі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүниежүзінде 8-орында.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Үкім: Манипуляция

БҰҰ расымен де әр 2 жыл сайын Онлайн-сервис индексін (OSI) жариялап отырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 8-орын алған. Бірақ бұл рейтиң форматында жүргізілмейді, 0 мен 1 арасындағы ұпай арқылы бағаланады. Мысалы Қазақстан 0,9344 ұпаймен Very High (VH) деген санатқа кіреді. 1,000 деген ұпайды тек Эстония ғана алған, одан кейін Финляндия мен Оңтүстік Корея тұр.

Қазақстан онлайн-сервис көрсету жағынан әлемде 8-орында ма?

Тарқатып көрейік…

Бұл жерде бірнеше жәйтті атап өткен жөн. Біріншіден, БҰҰ негізінен Электронды үкіметтің даму индексі (EGDI) бойынша рейтиң жүргізеді. Бұл рейтиңде Қазақстан 28-орында. Егер 10 жылдық контексті қарайтын болсақ, мысалы Қазақстан 2014 жылы да бұл рейтиңде 28-орында болған. Содан бері өспеген, керісінше құлдырап барып қайта 28-орынға келген. Екіншіден, рейтиң негізгі 3 тармақ арқылы жүргізіледі: Онлайн-сервис (OSI), Адами капитал (HСI) және Телекоммуникациялық инфрақұрылым (TII) индексі. Онлайн-сервис тармағы бойынша жоғары болғанымен, Адами капиталта 28-орында, ал телекоммуникация бойынша тіпті 64-орындамыз. Үшіншіден, EGDI – электронды үкіметтің дамуын абсолютті мағынада көрсетуге арналмаған, методологиясында бұл туралы толығырақ жазған. БҰҰ көп жағдайда рейтиң жүргізумен айналыспайды, сондықтан да рейтиң арқылы салыстыру – орынсыз.

Қазақстан онлайн-сервис көрсету жағынан әлемде 8-орында ма?

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz