Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады

Интернетте «Мен ештеңе сатып алған жоқпын, бірақ картамнан ақша шешіп алды» деген хабарламаны жиі кездестіруге болады. Кейде алынған сома тым аз, ал басқа жағдайда қомақты қаржы болуы мүмкін.

Картамен жалған транзакциялар онлайн және офлайн түрде жүруі мүмкін. Еуропа Орталық банкінің кейінгі есебіне сәйкес, қызметтердің шамамен 84%-і CNP транзакциясы арқылы өткен.

Card-not-present (CNP) – карта қолданбай-ақ операция жүргізу. Төлем орнында карта иесінің қатысуынсыз жасалатын транзакция түрі. Көбінесе CNP интернетте, телефон немесе пошта арқылы тауарларға тапсырыс беріп, төлем жасаған кезде қолданылады.

Дүние жүзінде банк картасының саны артып келеді: 2021 жылы олардың саны 25,2 миллиард, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 26,71 миллиардқа дейін өсті, карта төлем жүйесі бұрынғыдай электронды әмияннан кейін алдыңғы орында тұр. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 75,8 миллион карта айналымда болған. Пайдаланушылар санымен қатар төлем деректерінің жоғалуымен байланысты шығындар да өскен. Ғаламдық карталар мен ұялы төлемдер индустриясын талдаудың жетекші көзі саналатын Nilson Report-қа сәйкес, несиелік және дебеттік карта арқылы алаяқтықтан жаһандық шығын 2022 жылы 32,34 миллиард доллар болған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13,8%-ке көп.

Әдетте, алаяқтардың қолына ондаған картаның деректері бірден түседі. Бұл физикалық ұрлық (ұрлық, скиммиң) нәтижесінде де, жеке деректердің желіде жария болып кету салдарынан да болады.

Скиммиң – арнайы құрылғы (скимер) арқылы ақшаны ұрлау әдісі. Құрал магниттік жолақтан деректерді оқуға көмектесетін картридерге арналған жапсырма. Сондай-ақ алаяқтар жалған пернетақта (жабысатын) мен шағын бейнекамераны пайдаланады. Дегенмен, егер сіз банкоматты мұқият пайдалансаңыз, барлық құрылғыны байқау оңай, сондықтан көбінесе ақпаратты «жанаспай» ұрлайды.

Ақпарат оны сақтайтын ұйымдардың салғырттығынан да, пайдаланушылардың өздерінің бейқамдығынан да жалпыға жария болады. Кейіннен ақпаратты интернеттен, атап айтқанда DarkNet-тен табуға болады.

DarkNet (көлеңкелі интернет) – пайдаланушылар өздерінің жеке басын жасыра алатын желі. Бұл жерде хакерлер ұрланған деректерді жиі сатады. DarkNet-ке қарапайым браузерлер арқылы кіру мүмкін емес; бұл арнайы бағдарламаларды қажет етеді.

Деректер алынғаннан кейін қылмыскерлер әртүрлі «монетизация» арналарын пайдаланады. Бұл тұрақты қолма-қол ақшаны алу немесе басқа шотқа аудару болуы мүмкін. Дегенмен, мұндай әдістер жиі әшкере болу қаупін тудырады, сондықтан алаяқтар күрделі схемаларды ойлап табады. Атап айтқанда, олар тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін тікелей «бұзылған» карталарды пайдаланады. Кейде мұндай «сатып алулар» жеке қажеттіліктерден асып, нағыз алаяқтық бизнеске айналады.

Өнім мен қызметтерге ғаламат жеңілдіктер

DarkNet-те емес, танымал платформаларда қымбат тауарларды интернетте өте арзанға сатып алу туралы жүздеген ұсыныс бар.

  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады
  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады
  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады
  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады

Сатушылар арасында ақшаға «лақтырғысы» келетін қарапайым алаяқтар болуы мүмкін екенін ескеріңіз: шынтуайтында олардың қолында тауар жоқ. Бірақ одан да қауіптісі: сатушылар басқа біреудің ақшасына сатып алған арзан өнімді қауіпсіз алуға ұсыныс жасауы мүмкін («бұзылған» картаны пайдалану – ред.).

  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады
  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады
  • Алаяқтар бөтен адамның банк картасын қалай қолданады

Әрине, мұндай жарнамалардың артында ақшаға «лақтыру» немесе нақты қылмыстық топ болуы мүмкін. Сол кезде аз ақшадан айрылу – жеңіл көрінеді.

Алаяқтар өздерінің «жұмыс» жүйесінің көп сатылы екенін жасырмайды. Нақты дүкеннің тауарлары бұзылған картамен төленеді, сатып алушыға «дроп» арқылы жетеді.

«Дроп» – тауарды алудың арасындағы жасанды адам. Ол ақылы жұмыс істейді және алаяқтық схеманың осал нүктесі есептеледі, өйткені ол адал емес саудамен тікелей байланысты. Сондай-ақ, өніммен бірге «дроптың» жоғалып кету қаупі бар.

Қылмыскерлер мұндай схеманың арқасында (делдалдық тұлғаны пайдалану – ред.) тауар «таза» келеді деп айтады, бірақ олай емес. Сатып алушы, «дроп» сияқты, алаяқтық схема арқылы сатып алынған нәрсені алады, сондықтан «әшкере» болған жағдайда ол серіктес болып саналуы мүмкін. Сонымен қатар, күмәнді қызметке тапсырыс бергенде, үнемдеуді жақсы көретін адамдар жеке деректерін «жария» қылып, кейіннен басқа біреудің саудасын «төлеуі мүмкін».

Алаяқтар неге қолға түспейді

Тікелей ұйымдастырушылар өздерін қорғауға тырысады, сондықтан оларды табу және қылмыстық әрекеттің алдын алу айтарлықтай қиын. Жақында ірі трансшекаралық топтың қолға түскені белгілі болды. Операцияға Беларусь, Испания және АҚШ-тың құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысқан, алаяқтарды ұстауға бірнеше жыл дайындалған. Қылмыскерлер 10 жылдан астам «жұмыс істеп» үлгірген. Олардың кесірінен зардап шеккен адамдарға жүздеген мың доллар шығыны келтірген. Сонымен қатар, алаяқтар ең қарапайым схеманы қолданған: белгілі бір адамдар DarkNet-те карта деректерін сатып алған, басқа топ осы деректерді пайдаланып, сауда жасап, ал келесі топ оларды әртүрлі сайттарда қайта сатқан.

Логистикамен (картамен алаяқтық жасау үшін көбінесе әртүрлі елдің азаматтары қатысты болады) және дәлелдемелік базадағы қиындықтардан басқа, схеманы жаңартып отыру да қиын мәселе. Мысалы, нақты өніммен байланыста болмай, қылмыскерлер басқа адамдардың ақшасын әуе билеттеріне, турларға және қонақүйге жұмсайды.

2019 жылы әуе билеттерін заңсыз онлайн сатып алумен күресу операциясына 60 ел, 56 әуе компаниясы және 12 онлайн туристік агенттік қатысты. Тек бес күн ішінде қатысушылар 165 күдікті транзакцияны тіркеп, 79 адам қамауға алынды.

Пайдаланушылар не істей алады

Сипатталған жағдайда айтылғандай, кибералаяқтардың жолын кесу өте күрделі. Сондықтан үкімет тарапынан, коммерциялық және қаржылық секторлар, сондай-ақ карта иелерінің өздері қауіпсіздікті күшейту шараларын жасау керек. Мысалы:

  • Өте тиімді көрінген ұсыныс, күмәнді сауда схемаларына қатысудан бас тарту.
  • Карта шотында қомақты қаржы сақтамау, онлайн төлем үшін транзакцияға қажетті ақша салынған бөлек карта ұстау.
  • Онлайн хабарландыру қызметіне қосылып, барлық транзакцияны бақылау.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz