Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды

MediaNet халықаралық журналистика орталығы 13-19 қыркүйек аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда «Қазақстандықтардың жыныстық бопсалау туралы ойы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 100 еркек (47%) пен әйел (53%) қатысқан.

Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 92%-і жыныстық бопсалау жағдайы назардан тыс қалдыруға болмайды және бұл мәселемен мемлекеттік деңгейде күресу керек деп санайды. Олардың 57%-і бопсалау құрбандарын заңнамалық және корпоративтік деңгейде қорғау қажет дейді. Ал 35%-і құқық бұзушылардың әрқайсысы жазалануға тиіс екеніне сенімді. Бұған азаматтардың 7%-і қарсылық білдірді, олар адам өзін-өзі қорғай алуы керек (6%) және жыныстық бопсалаумен күрес керек емес деп санайды (1%) , өйткені мұндай жағдайлар ешкімге айтарлықтай зиян келтірмейтініне сенімді.

Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды

Дегенмен, респонденттердің көбі жыныстық бопсалаумен күресуді ұсынады. Қазақстандықтардың 72%-і жағдайды полицияға хабарлау қажет дейді. Азаматтардың 10%-і құқық бұзушымен сөйлесіп, бопсалауын тоқтатуын сұрау қажет деп есептейді. 7%-і достарыңызға, туыстарыңызға, жұбайыңызға айтқан дұрыс дейді. 15%-і басшылыққа немесе кадрлар бөліміне шағымдануды ұсынады.

Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды

Респонденттердің 55%-і жыныстық бопсалау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп санайды. Қалған жауаптар шамамен тең бөлінді. Азаматтардың үштен бірінен көбі бопсалауға қарсы күресте жәбірленушілерді қорғаудың тиімді заңнамалық шаралары қажет деп санайды (38%). Бір қызығы, азаматтардың 34%-і бопсалаудың алдын алудың маңызды факторларының бірі ретінде мектеп бағдарламасына жыныстық білім беру курсын енгізуді қолдады. 34%-і халықтың құқықтық және этикалық сауаттылығын арттыруды жақтады. Респонденттердің 29%-і бопсалаумен күресу үшін белсенді ақпараттық науқан қажет екенін айтады.

Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды

Сауалнамаға қатысушылардың 54%-і бұл шұғыл шешілуі керек, күрес қажет ететін мәселе деп есептейді. 28%-і жыныстық бопсалау мәселесі өзекті екенін, бірақ одан да күрделі әлеуметтік проблемалар барын атап өтті. Қалғандары бұл әр адамның жеке мәселесі (11%) және бұл мәселе мүлде өзекті емес, жыныстық бопсалау проблема емес (7%) деп жауап берді.

Сауалнама: 82% отандасымыз жыныстық бопса мәселесі өзекті деп санайды
Ақпарат MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» жобасы аясында дайындалды. Жобаны қолдаған – CFLI (Canada Fund for Local Initiatives).

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz