«Палестинаға еврей босқындарының келуі»: Бір фотоның тарихы

Дисклеймер: Factcheck.kz редакциясы пікір білдірмейді, біз фактілер мен дәлелдерді талдаймыз. Біз 70 жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан жанжалдың кез келген жағын қолдамаймыз және салдарынан бейбіт тұрғындар қайтыс боп жатқан әскери қимылдардың тезірек аяқталуын тілейміз. Тексеру оқырмандар сұранысы бойынша жүргізілді.

Израиль-Палестина қақтығысының шиеленісуі аясында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Израильдің саясатын қолдайтын және Израильдің Палестинадағы саясатына қарсы шыққан адамдар арасындағы онсыз да шиеленісті жағдай мен қатынастарды ушықтыратын хабарламалар таралып жатыр. Соның бір мысалы – 1947 жылы Палестинаға келген еврей босқындары бар тарихи сурет. Суретте «Немістер отбасымыз бен үйлерімізді қиратты. Сіздер біздің үмітімізді үзбеңіздер» деген жазу бар.

«Палестинаға еврей босқындарының келуі»: Бір фотоның тарихы

Фотосурет жазбасында «Палестиналықтар мұның соңы немен аяқталатынын білмеді» делінген. Осы сияқты комментариі бар бұл фотосурет көп тілде таралып жатыр, мысалы, ағылшын тілінде «Гитлердің зұлымдығын қазір оның құрбандары қайталап жатыр» деген жазумен таралған. Оқырмандар сұрауы бойынша Factcheck.kz редакциясы фотосурет тарихын зерттеп, оған тарихи түсініктеме берді.

Қысқаша қорытынды

Суретте Палестина жағалауына 1947 жылы келген еврей босқындары бар «Теодор Герцль» кемесі бар. Дегенмен бұл әдеттегі кеменің келуі емес еді, елге кіруге тырысу әрекеті болды. Жолаушылар заңсыз иммигранттар еді, оларды британ билігі сол кезде Британия мандатында болған Палестина аумағына кіргізбеді. Ұлыбритания билігі әрекетіне наразылық ретінде кеме жолаушылары «Немістер отбасымыз бен үйімізді қиратты. Сіздер біздің үмітімізді үзбеңіздер» деп жазылған осы плакатты ілді. Нәтижесінде кемені Британ әскери күштері абордажға алды. Босқындардың бір бөлігі Кипрге жер аударылды, дәлелдемелер кемеге шабуыл жасау кезінде ондаған адам жараланғанын, үш адамның қаза тапқанын көрсетеді.

Толығырақ: еврей босқындары және британ мандаты

Тарихи анықтама бойынша, «Теодор Герцль» кемесі 1907 жылы жасалып, «заманауи сионизм әкесі» құрметіне аталған. Оның меншікті салмағы 1768 тонна болған. Кемені 40-жылдары еврейлердің Палестинаға заңсыз көшіп баруымен айналысқан еврейлердің «Моссад ле-Алия Бет» астыртын ұйымы сатып алған. Кемені Францияның Марсель қаласында жүзуге дайындаған.

1947 жылы 2 сәуірде кеме Францияның Сет қаласынан Палестинаға бет алады. Бортта 2 641 еврей босқыны болған. Жолай команда Италиядан тағы 1000 еврейді алып кетуі керек болған, бірақ кемеде болған көптеген техникалық ақауға байланысты бағытты белгіленген жерге дейін белгілеу туралы шешім қабылданады. Оған қоса, жолда босқындарды тасымалдайтын «Шеар Яшув» кемесімен кездесу жоспарланған, бірақ бұл жоспар байланыс мәселесі кесірінен жойылды.

«Палестинаға еврей босқындарының келуі»: Бір фотоның тарихы

13 сәуірде кемені британ сарбаздары қазіргі Израиль жағалауында ұстап алды. Қарулы қақтығыс нәтижесінде кемедегі он шақты еврей жарақат алды, екеуі сол жерде қайтыс болды, тағы біреуі кейін жарақаттан қайтыс болған. Қолға түскеннен кейін жаралылар мен науқастар Атлит деп аталатын босқындарды ұстау лагеріне жіберілді, ал қалғаны 1947 жылы 24 сәуірде Кипрге жер аударылды. Желіден кеменің жолаушылары босқындар лагерлеріне депортацияға дайындалып жатқан архив кадрларын табуға болады.

Британ әскери күштері әрекетін 1922-1948 жылдары қазіргі Израиль аумағын Ұлттар Лигасының мандаты шеңберінде Ұлыбритания басқарғаны арқылы түсіндіруге болады. Мандат қазіргі Иорданияға, Батыс жағалауға және Газа секторына да таралды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және Палестинадағы араб көтерілістерінде еврей босқындарының келуіне байланысты билік жылына 18 000 адам деп еврей иммиграциясына шектеу қойды.

«Теодор Герцль» Холокосттан аман қалған еврей босқындарын Палестинаға заңсыз жеткізген жалғыз кеме емес. Бортында 4 554 жолаушысы болған «Сент-Луис» пен 937 жолаушысы болған «Исход» сияқты кемелер тарихы жақсы белгілі. 1938-1948 жылдар аралығында Палестинаға 70 мыңнан астам заңсыз еврей иммигранты барды. Олар кемемен ғана емес, жаяу да барды. Кемелердің көпшілігін ағылшын флоты ұстап алды.

Жағдай шиеленіскеннен кейін плакаты бар сурет Facebook, Twitter және Reddit сияқты әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарала бастады. Бұл суретке қабылдауды бұрмалайтын және/немесе антисемиттік риториканы қолданатын жазулар жазылды.

Контекст: қазіргі қақтығыс неден басталды?

  • 6 мамырда Иерусалимде Палестина мен еврей демонстранттары арасында қақтығыс басталды, оны тоқтатуға Израиль полициясы араласып, нәтижесінде қақтығыс тәртіп сақшыларының қақтығысына ұласты. Тәртіпсіздікке бірнеше палестиналық отбасыны Шейх-Джаррах кварталындағы үйлерінен шығару туралы мәселені Израиль сотында қарау себеп болған.
  • 9 мамырда бір топ оңшыл еврей ұлтшылдары маршы аясында Израиль полициясы құқық қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікке жауапты болып, мұсылмандар үшін басты қасиетті орын Аль-Акса мешітіне шабуыл жасауға мәжбүр болды. Кейін марш күші жойылды. Ал шабуылға жауап ретінде 10 мамырдан 12 мамырға дейін ХАМАС пен «Исламский джихад» Израильге 1500-ден астам зымыран атқан.
  • Израиль Газадағы әскери инфрақұрылымға қарсы әуе шабуылдарын жасау арқылы жауап берді. 11 мамырда Израиль әскери-әуе күштерінің әуе шабуылы Газадағы 13 қабатты тұрғын мұнараны құлатты, онда Израиль барлау мәліметі бойынша ХАМАСтың саяси басшылығы пайдаланатын кеңсе орналасқан.
  • ВВС хабарлауынша, жалпы алғанда қақтығыстар мен оқ атудан Палестина жағынан кем дегенде 132 адам қаза тапты, оның 32-сі – балалар, 21-і – әйелдер. Израильде сегіз адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Бұл Израиль-Палестина қақтығысының 2014 жылдан бергі ең үлкен шиеленісуі.
  • Шейх-Джаррахтағы жер дауы Израиль-Палестина территориясы құқық қақтығыстарына тән үлгі саналады және бұл 1948 жылдан бері жалғасып келеді.
  • Мандат астындағы Палестина мен Араб-Израиль қақтығысы тарихы туралы БҰҰ-ның «Палестина мәселесінің бастауы мен тарихы» деген құжатынан оқыңыз.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz