Фактчек | Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін салу шығындары туралы

4 қарашада Мәжілістің кезекті пленар отырысында депутат Мұрат Теміржанов Қазақстандағы құрылысын 2022 немесе 2023 жылдарға дейін аяқтау жоспарланған көтерме-тарату орталықтары желісі (КТО, КТО анықтамасы) тақырыбында сөйледі. Мәжілісмен бұл жоспарларды сынға алып, премьер-министрді жобаның негізгі принциптерін, тұжырымдамасын, құнын қайта қарауға және мемлекеттің бәсекелестік ортаға араласуын шектеу бойынша шаралар қабылдауға шақырды. Спикердің пікірінше, КТО салу шағын және орта кәсіпкерліктің күйреуіне әкеледі (шамасы, ауылшаруашылық өнімдерін көтерме сату және логистика саласында – автор ескертпесі), ал КТО-ның өзі «тұрақты … мемлекет қолдауынсыз өмір сүре алмайды және тез арада мемлекеттік тиімсіз инвестициялардың көзге көрінбейтін ескерткішіне айналады». Депутат осы және өзге да фразаларды Мұрат Темірхановтың (қаржыгер, экономист, FCCA) 2020 жылдың сәуір айында Forbes-та жариялаған жобаны сыни тұрғыдан талдаған мақаладан алған. Дәл сол кезде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жоба туралы алғашқы нақты мәлімдемелер жасады, оның мақсаты тауарларды тарату жүйесін құру арқылы «азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» (іс жүзінде, ұлттық КТО желісінен тұрады).

6 қазанда министр тағы да үкімет отырысында іске асыру үшін нақты қадамдарды презентация форматында таныстырып, жоба туралы есеп берді. Көріп отырғанымыздай, бір айдан кейін премьер-министрге депутаттық сауал жолданды. Тақырып айтарлықтай өзекті екені анық, бірақ мәжілісменнің пікірін талдаудан бастайық.

Цитата: 24 КТО салуға, шамамен 237 миллиард теңге кетеді, яғни бір КТО салу шығыны – шамамен 10 миллиард теңге, сонымен бірге, оны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асыру тетігі қарастырылған. Бұл, өз кезегінде, жоба құнының өсуіне әсер етеді және кез келген жағдайда мемлекеттің «кейінге қалдырылған» міндетіне айналады, қарапайым сөзбен айтқанда, болашақта бюджет шығындарына ауыр салмақ түседі.

Мұрат Теміржанов

Үкім: Шындық және манипуляция

Шынында да, жарлықта көрсетілгендей және бұрын ресми түрде жария етілгендей, мемлекет «2023 жылға қарай бүкіл ел аумағында 24 КТО нысанын салуды, пайдалануға беруді және іске қосуды жоспарлап отыр. КТО желісінен тұратын тауарларды тарату жүйесінің құрылысы үш кезеңмен жоспарланған. Жобаның жалпы құны 237,5 миллиард теңгеге тең…». Дегенмен бір КТО-ның құны 10 миллиард теңге болады деген тұжырым тым жалпыланған және ойша қорытылған, өйткені бұл нысандар қуаттылығы мен техникалық мақсаты бойынша бірдей болмайды деп болжанып отыр.

Спикер ұсынған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) шеңберінде жеке инвестицияларды тарту, жоба құнының көтерілуі және мемлекеттің келесі «кейінге қалдырылған» міндеттемесі арасындағы логикалық байланыс туралы айтатын болсақ, мұнда біз белгілі себептермен кез келген үкімнен аулақ боламыз. Өйткені оқиғалардың мұндай нәтижесі мүмкін болатын салада … осыған байланысты біз халықаралық тәжірибеден мысал келтіре аламыз, бірақ кез келген мұндай мысал қазақстандық және уақытша контекстен тыс.

Егжей-тегжей…

Мұнда аталған НҚА-да жобаның әр кезеңін қаржыландыруға қатысты былай делінген:

«Бірінші кезеңде 5 КТО-ны пайдалануға беру жоспарланып отыр: Түркістан облысында – 1, Павлодар облысында – 2 және Алматы облысында – 2. Республикалық бюджеттен инвестицияның жалпы көлемі 30,0 млрд. теңгеден аз болмайды.

II кезең. Осы кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында 4 КТО салынады. Осы кезеңдегі жеке инвестициялардың жалпы көлемі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары бойынша тартылып, 60 миллиард теңгеден аз болмайды.

III кезең. 15 КТО-ны пайдалануға беру жоспарланған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 147,5 млрд. теңге көлемінде қаражат тарту… »

Сонымен қатар, 6 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жобаның таныстырылымында мақсат бойынша жүйе объектілері таратумен, сақтаумен және сауда-саттықпен айналысатын КТО-дан тұратынын айтты.

Фактчек | Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін салу шығындары туралы
Сауда және интеграция министрінің презентациясынан скрин

КТО, әлемдік тәжірибе

Жоғарыда аталған қаулыда осыған ұқсас француздық Rungis желісінің мысалы келтірілген. Шынында да, ол өткен ғасырдың ортасынан бастап бар және оны SEMMARIS компаниясы басқарады. Компания ішінара мемлекетке тиесілі. Rungis-пен жұмыс істейтін компаниялардың айналымы 2017 жылы 9 миллиард еуродан асқан.

Испандық Mercasa желісі 1966 жылдан бері жұмыс істейді және ол – Испанияның жалпы мемлекеттік әкімшілігіне қарасты толық мемлекеттік мекеме. Акционерлері – Испания мемлекеттік өндірістік холдингі компаниясы (SEPI) және Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта министрлігі (Испанияның ауыл шаруашылығына кепілдік беру қоры арқылы – FEGA). Желінің 2015 жылғы айналымы 11,9 миллиардқа жуық еуро болған.

Осыған ұқсас нидерландық SPAR желісі 1932 жылдан бері жұмыс істейді және ол толығымен жекеменшік иелігінде. Қазір ол өзгерді, жергілікті емес, 48 елде жұмыс істейді (жалпы сауда айналымы – 37,1 миллиард еуро). SPAR (2019 жылы Нидерландыдағы бөлшек сауда 671 миллион еуродан сәл аз болды) және мысалда келтірілген компаниялар мемлекетке немесе жеке бизнеске тиесілі екеніне қарамастан, пайдасыз болған емес.

Дегенмен біз Еуропалық контексті қазақстандық контекстпен, әсіресе жобаны іске асыру және олардың жетістігі бойынша ешқалай да салыстырмайтынымызды тағы бір айтып өтейік.

Мұндай жүйелер әлемнің көптеген басқа елінде бар. Қосымша ақпаратты Дүниежүзілік көтерме нарықтар одағының сайтынан таба аласыз.

Фактчек | Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін салу шығындары туралы

Ресейде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сыртқы экономикалық банк ретінде мемлекет КТО (даму кезеңінде тұр) желісін салды (2018 жылы Ресей Федерациясы бұл саланы МЖС шеңберінде де дамыту туралы шешім қабылдады). Енді КТО-ны «Росагромаркет» холдингі басқарады. Бастапқыда (2018 жылға дейін) үкімет агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарына логистикалық орталықтар құруға жеңілдетілген несиелер берді.

Цитата: … КТО салу баға белгілеуді және бағалардың негізсіз көтерілуін шеше алады деген өте күрделі күмән бар, өйткені тек персоналды ұстау және бұл жоспарланған 6300 жұмысшы және 600 мың шаршы метр болатын алаң – бұл барлық коммуналдық төлем үшін тұрақты шығындар және қабылдау, сұрыптау, калибрлеу, орау және сақтау шығындары – бұл шығынның барлығы тауардың өзіндік құнына қосымша салмақ түсіреді.

Мұрат Теміржанов

Үкім: Жартылай шындық (техникалық қате) және үкім жоқ

Тағы да пікір ішінара болжам сипатына ие (тауарлардың өзінік құнының қымбаттауы туралы) және біз бұл жерде үкім шығарудан аулақ боламыз: салыстыру үшін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, керісінше, халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шығындары 10-15% төмендейді деп мәлімдейді. Бұған дейін, осы жылдың сәуір айында министр көлеңкелі сауданың және делдалдық қызметтердің азаюы туралы айтқан еді. Қызметкерлер саны мен орталық ауданына келетін болсақ, депутат жариялаған мәліметтер біршама ескірген.

Шынында, сәуір айында үкімет отырысында құрылыс аяқталғаннан кейін жұмыс істеп тұрған нысандарда 6 300 маман жұмыс істейтіні белгілі болды. Дегенмен 6 қазандағы үкімет отырысында министр желі құру моделін ұсына отырып, 5 мың жұмыс орны туралы айтты.

Фактчек | Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін салу шығындары туралы

Ауданға келетін болсақ, ұсынылған модельде КТО 350 мың шаршы метрді алады – бірінші слайдты қараңыз. Бұл – болжанып отырған КТО картасы:

Фактчек | Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін салу шығындары туралы

Анықтама үшін: Көтерме-тарату орталықтарын (КТО) салу және басқару бойынша оператор QazExpoCongress ұлттық компаниясы болады, бұл – бұрынғы «Астана Экспо ҰК – 2017» АҚ.

Пікір

Экономика және ауылшаруашылығы саласындағы бірнеше сарапшы жоба туралы пікірін білдіріп үлгерді. Мұны, мысалы, белгілі аграр және бір кездері президенттікке үміткер болған Төлеутай Рақымбеков жасады. Экономист Мұрат Темірханов Forbes-тағы материалда КТО-ға жеке инвестицияларды ынталандыру шарттарын (6 тармақтан тұрады) атап өтті, мұндай жағдайда «жеке инвесторлар кейбір КТО құрылысын салуға қызығушылық танытпаса, бұл олардың нарықтық мақсатқа сай еместігін және бұған мемлекет ақшасын жұмсаудың еш мәні жоқ екенін білдіреді». Темірханов тұжырымдаған шарттар:

  1. Тиімді орынды таңдап, мемлекет есебінен қажет инфрақұрылымды құру.
  2. Жеке инвестиция үшін нақты салық жеңілдіктерін ұсыну.
  3. КТО-ны дамытуға арналған осындай мемлекеттік көмектің арқасында үкімет осындай орталықтарда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тең қол жеткізуі мен ынталандыруы үшін белгілі бір талаптар қоя алады.
  4. КТО-дағы мұндай инвестициялар жеке инвесторларды қызықтыратыны сөзсіз. Сонымен бірге, үкімет инвесторларды ашық және айқын конкурс арқылы таңдап алуы керек.
  5. Мемлекет баға белгілеуге араласпауы керек және мұндай КТО иелері үшін қызметтерді субсидияламауы керек. Қызмет құнын бақылау тек монополияға қарсы заңдар негізінде жүзеге асырылуы керек.
  6. Мемлекет шағын ауылшаруашылық тауар өндірушілерге көмектескісі келсе, онда оларға КТО қызметтерінің құнын тікелей субсидиялауы керек. Бұл жағдайда нарықтық баға мен осындай орталықтар арасындағы бәсекелестік бұзылмайды.

Бұл уақытта Қарағандыда, талқыланып жатқан жоба шеңберінен тыс, Global City (басқарушы компания – Альфарух) көтерме-тарату логистикалық орталығы салынды. Ол 2020 жылдың шілде айында ашылды. Бұқаралық ақпарат құралдары «жоба «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым нәрселер экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қолдау алып, «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр» деп мәлімдеді. Оның құны- шамамен, 24 млрд. теңге, соның арқасында КТО-да 5 мың жұмыс орны ашылады. Демек, жұмыс орны саны қарастырылып отырған 24 КТО-мен бірдей.

Қорытынды:

  • Жалпы, КТО салуға арналған мұндай қымбат жоба әзірге әзірлеу және модельдеу сатысында тұр.
  • НҚА бойынша, инвестициялар жобаны жүзеге асыру шығынының ең көп бөлігін жабуы керек: МЖС шеңберінде бюджеттен 30 млрд., ал жеке инвестициядан 207,5 млрд. бөлінуі керек. Осылайша, шын мәнінде мемлекет, демек, бюджет осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға байланысты тәуекелге барып тұр. Сонымен қатар, жоба қазақстандық стандарттар бойынша қымбатқа түседі және оны жүзеге асырудан қорқу өте орынды.
  • Жоба бойынша даулар қосымша инфрақұрылымды дамыту қажеттігіне, инвесторларды ынталандыратын қосымша шараларға, жалпы алғанда, оның орындылығына байланысты.
  • Дегенмен кейбір басқа елдегі осыған ұқсас желілер (біз олармен әртүрлі жағдайға байланысты өзімізді салыстырмаймыз), олардың мемлекеттік немесе жекеменшік иелігінде екеніне қарамастан, өте сәтті жұмыс істеп жатыр.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz