Әдіснама | Google-дан ақпаратты қалай тез табуға болады?

Уақыт өткен сайын Google-дің іздеу мүмкіндіктері мен алгоритмі жаңарып, дамып отырады. Бірнеше жыл бұрын пайдаланған құрал қазіргі жарамай қалуы әсте мүмкін.

Бірнеше ай бұрын әлемдегі танымал журналист-зерттеуші әрі тренер Хенн ван Эсс “Google-дің жаңа-жасырын мүмкіндіктері” туралы дәрісімен бөліскен еді. Біз сол дәрістен ең негізгі 5 лайфхакты назарларыңызға ұсынбақпыз. Ал видеоның толық нұсқасын төменнен көре аласыздар.

1. Жеке адам туралы факт мен пікірді қалай іздеуге болады?

Біз қарапайым іздеу жүйесінде адамдардың тек аты-жөні арқылы ғана іздеуге дағдыланғанбыз. Ал сіз AROUND тіркесі арқылы қосымша ақпарат іздеуге болатынын білесіз бе? Алгоритм мынадай: “аты-жөні” Around және кілт сөз, яғни сол адам туралы іздеуге болатын кез келген кілт сөзді жазыңыз. Егер тезірек ақпарат табу керек болса ” AROUND”-тан кейін жақша ішіне санды қоя аласыз, сол арқылы белгілі бір сөздердің санын іздестіріп көруге болады.

2. PDF құжаттардан адам туралы қалай іздейміз?

Мұндай іздеу жүйесі арқылы біз кез келген бір былықтың артында кім тұрғанына көз жеткізе аламыз. Ол үшін Google-да “inurl:pdf” адамның аты” -site: кез келген кілт сөз.*” арқылы іздеуге болады.

3. Ресми мәлімет базасынан іздеу

Кез келген ресми сайтта адам туралы ақпарат іздегенде мынаны пайдаланып көрсе болады: inurl:gov “адам аты”. Яғни осынау қарапайым тәсіл арқылы депуттардың, министрлердің не әкімдердің мәлімдемелерін бірден тауып алуға болады.

4. Google Images-те суретті қалай тиімді іздейміз?

Google Images-те суреттің жүктелген версиясын не сілтемесін қою арқылы соған байланысты жазылған материалдардың тізімін табуға болады. Яғни жарияланған уақыттарына байланысты алғашқы дереккөзді табуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда Google мен қоса Yandex сурет іздеу жүйесі де жақсы көмсектеседі. Тіпті кейде Yandex Google-дан қарағанда әлдеқайда көп ақпарат береді.

5. Google арқылы әлеуметті желілерден қалай суретті іздеуге болады?

Журналист-зерттеуші Ван Эсстің айтуынша, белгілі бір суретті сипаттау арқылы оны кез келген сайттан табуға болады және сол арқылы суретке қатысы бар материалды да анықтай аламыз. Мысалы: “Украинадағы соғыс, дәрет сындырды” site:facebook.com”. Яғни Украинадағы соғыс кезінде дәрет сындырған бала туралы суретті және ол туралы кімдер жазғанын таба аламыз. Factcheck.kz редакциясы бұдан бұрын да Google-дың жасырын іздеу мүмкіндіктері туралы жазған болатын. Толығырақ төменнен оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz