Temirov Live журналистері 5 және 6 жылға сотталды

Қырғызстандағы Ленин аудандық соты «Temirov Live» арнасының журналистеріне қатысты үкім шығарды. «Temirov Live» жобасының жетекшісі Махабат Тәжібек қызы алты жылға, ал «Айт Айт десе» арнасының ақыны Азамат Ишенбеков бес жылға сотталды. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айып тағылған.

Сондай-ақ, журналистер Ақтілек Қапаров пен Айка Бейшекеева үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Іске қатысы бар қалған айыпталушылар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Бұған дейін прокурор журналистерді алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

«Temirov Live» арнасының қазіргі және бұрынғы 11 қызметкері 16 қаңтарда «жаппай тәртіпсіздікке шақырды» деген айыппен ұсталған еді. Іс бойынша айыпталушылардың барлығы тағылған айыппен келіспейді.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz