ҚАЖК адвокаттың “Думан Мұхаммедкәрім денесін тілді” дегенін теріске шығарды

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті адвокат Ғалым Нұрпейісовтың “Думан Мұхаммедкәрім қарсылық көрсету мақсатныда денесін тілді” деп айтқанын жоққа шығарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазуынша, журналистің “материалда жарияланған өз-өзіне зиян келтіру туралы ақпарат” шындыққа жанаспайды.

“Сотталған адамды медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінде ешқандай жарақат анықталған жоқ. Камерада тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз”,- деп хабарлады ҚАЖК.

Бұдан бөлек, мекеме Думан Мұхамедкәрім тамақтан бас тартқанын, қазір тек шай мен су ішіп жатқанын растады.

Контекст

Бұған дейін адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімді Талқықорғанда тергеу изоляторының карцеріне қамап, Мұхаммедкәрім бұған қарсылық ретінде денесін тілгенін, аштық жариялағанын айтқан. Сол оқиғадан соң, оны қайтадан камераға ауыстырған.

Биыл тамызда Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген айыппен жеті жылға сотталған. Журналист өзіне тағылған айыпқа келіспей, бірнеше рет қарсылық көрсетіп, аштық жариялаған. Қарашада апелляциялық сот Думан Мұхаммедкәрімнің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Басты беттегі сурет Азаттық Радиосынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz