Қазақстанда ЛГБТК+ жасөспірімдерге арналған сайт ашылды

Қазақстанда ЛГБТК+ жасөспірімдерге және олардың жақындарына арналған алғашқы сайт ашылды.

Seftanu.kz сайтында денсаулық, қарым-қатынас, жыныс бағдары, гендер мәселесі, ЛГБТК+ өкілдері туралы мифтер баяндалады. Жобаны ЛГБТК+ белсендісі Саша Казанцева және белсенді әрі контент-креатор Мүтәлі Москеу дайындаған.

Авторлардың айтуынша, олар сайттың ЛГБТК+ жасөспірімдерге ақпарат беретін көмекші құралға айналғанын қалайды.

“Бір жылдары өзіміз де ЛГБТК+ бала болдық. Өз-өзін енді танып келе жатқан куир адам қандай сұраққа жауап іздейтінін біз жақсы білеміз. Оны табудың өзі оңай емес! Selftanu — ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өз-өзін танып-білгісі келетін адамдарға арналған жоба. Тек олар емес, ЛГБТК+ адамдардың ата-анасы мен достары да, әлемде қандай тамаша адамдардың барын әрі олардың әртүрлі екенін білгісі келетіндер де біздің сайтты оқи алады”, – деп жазған жоба авторлары сайтына.

Жобаны халықаралық ұйымдар қаржыландырады.

Factcheck.kz