Eurasianet және MediaNet жаңа медианың бастамасына шақырады

Eurasianet және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы бірлесіп жоба ұйымдастырып жатыр. Жаңа бастама еліміздегі журналистерге, өзгеріп жатқан құқықтық ортаға бейімделуге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – журналистерге тексерілген фактілер негізінде ақпаратты дайындау мен таратуда қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба аясында техникалық және практикалық компоненттер бірге жүзеге асады. Онлайн және офлайн форматтағы семинарлар қатысушыларға медиа этиканы тереңірек түсініп, жаңалықтарды бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі. Қазақстанда дәлелді ақпараттың таралуына кедергі келтіретін қазіргі және жақын болашақтағы ықтимал қиындықтар талқыланады. Журналистер мен контент жасаушылардың заңды құқықтарын түсіндіріп, дәлелді мақалалар мен сараптамалар дайындаудағы этикалық міндеттемелерін арттыруға бағытталған семинарлар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, журналистерге тәжірибе алмасуға және құқықтық кеңеске қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыс тобын құрамыз. Жоба барысында семинарлар арқылы алынған дағдыларды дамытуға арналған практикалық мүмкіндіктерге баса назар аударылады. Практикалық кезеңде әзірленген контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып, көпшілікке қолжетімді болады. Бұл бастама журналистерге құқықтық мәселелер мен IT қауіпсіздік бойынша тегін және қолжетімді кеңес алуға арналған тұрақты механизмдер құруды да көздейді.

Жоба 2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асады. Жобаға үлес қосқан журналистер өз еңбектері үшін қаламақы алу мүмкіндігіне ие болады. Бастама аясындағы іс-шаралар тұрақты жұмыс міндеттеріне кедергі келтірмейді.

Қатысуға қызығушылық танытқандар келесі байланыс деректеріне хабарласа алады:

Бота Аязбаева, MediaNet: [email protected]
Джастин Бёрк, Eurasianet атқарушы директоры: [email protected]

Жобаны Eurasianet және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырады.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz