Бішкекте әйел құқығы үшін марш өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Бішкекте әйел құқығына арналған марш өтті. Жиылғандар “Әйелдің тұрмысы – заманның айнасы” деп ұрандатты. Бұл туралы “Азаттық Радиосы” хабарлады.

Марш ұйымдастырғандар мен оған жиылғандар қыз-келіншектерге жасалған зорлық-зомбылықты жою үшін шара қабылдауды, әйелдердің еркіндігін қамтамасыз етуді, сөз еркіндігін қорғауды талап етті.

Бұрынғы күйеуінен зорлық көрген Асел Ногойбаева полицияны тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа көз жұмбауға шақырды.

Айта кетейік, Бішкекте 8 наурызда әйелдер мәселесін көтеретін марш жыл сайын болады. Қырғызстан ІІМ мәліметінше, 2023 жылы 13 104 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 32,6 пайызға көп. Бұған қоса, 2023 жылы қазанда Әйелдер қауіпсіздігі индексінде Қырғызстан Орталық Азиядағы әйелдерге қауіпті ел ретінде көрсетілген.

Factcheck.kz