YouTube екінші тоқсанда платформадан 11,4 млн видео өшірді

Қашықтан жұмыс істеуге көшкелі бері видеосервис заңсыз контентті бақылауды технологияға сеніп тапсырды. YouTube өзінің корпоративтік блогында екінші тоқсанда 11,4 миллион видеоны өшіргенін хабарлады.

Себебі сәуір айынан маусымға дейін платформадағы модерацияда жасанды интеллектің рөлі артты. Әдетте YouTube-тегі заңсыз контентті бақылауға компания қызметкерлері мен ЖИ бірдей қатысады.

Алайда, пандемия кезінде команданы қашықтан жұмыс істеуге ауыстырғандықтан, видеосервис машиналық оқыту технологиясына көбірек сенуге мәжбүр болды.

Осылайша, 11,4 миллион видеоның шамамен 10,9 миллионын жасанды интеллект өшірді. ЖИ видеолардың шамамен үштен бірін (33,5%) балалар үшін орынсыз контент ретінде бұғатталды, ал 28,3% спам, адастыру немесе алаяқтық деп белгіледі. Сол себепті 2 миллион каналдың 92%-ына тыйым салынды.

Алайда, YouTube жасанды интеллектің қателесетінін, кейде платформаның саясатын бұзбайтын видеоларды өшіргенін мойындайды. Компания мұндай қатені азайтатынын хабарлады.

Factcheck.kz