Күртеше, Қара папа және коронажын — WhatsApp-тағы жаңа фейктер

WhatsApp желісінде дағыстандық фейк тарай бастады. Бұл Билл Гейтстің тұтқындалуы, Биньямин Нетаньяху және басқа да «адамзат жаулары» туралы қастандық теориясының жаңа нұсқасы.

Хабарламада Күртеше (Ресей президенті Владимир Путинді айтқан тәрізді, бұл лақап ат оған коронавирус емханасына сары түсті қорғаныс костюмінде барғаннан кейін қойылды) «бункерден шығып», губернаторларды жұмыстан шығарды, ФҚҚ (Федералдық қауіпсіздік қызметі) халық жауларын аңдимын деп бесінші тәулік қатарынан көз ілген жоқ, ал Дағыстандағы карантиндік шаралар 28 мамырда алынады және «жақында бұл коронажын аяқталады» делінген. Аудио «20 мамыр күні тұрғындарды құртумен айналысқан Қара папаның көзі жойылады» деген драмалық мәтіннен басталады. Біздің бақылауымыз бойынша, осыған ұқсас хабарламалар Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның әлеуметтік желілерінде тарап жатыр. Оқырмандардың өтініші бойынша тексеріп көрдік. Кеттік!

Үкім: Фейк

Аудиода бірқатар манипуляция мен бір-біріне сай келмейтін ақпараттарды байланыстыруға тырысқан, бір бөлігінің тіпті коронавируске де қатысы жоқ. Барлығы конспирологиялық нарративтің бір бөлігі. Ретімен талдайық.

Қара папа қайтыс болды ма?

Иә, қайтыс болды, бірақ қазіргі емес, бұрынғы Қара папа (иезуиттер орден генералын дәстүрлі түрде осылай атайды) – Адольфо Николас ұзақ уақытқа созылған сырқатынан 84 жасында қайтыс болды. Ол қартайғандықтан орнын 2016 жылы босатқан болатын. Ал қазіргі Қара папа – Артуро Соса тірі және дені сау. Тіпті өзінің алдында ел басқарған папаға арнап сөз сөйледі.

Күртеше, Қара папа және коронажын — WhatsApp-тағы жаңа фейктер

Суретте Адольфо Николас пен Папа Франциск

Күртеше, Қара папа және коронажын — WhatsApp-тағы жаңа фейктер

Қазіргі Қара және Ақ папа

Айтпақшы, Ақ папа – Франциск те өзін жақсы сезінеді, оның індеті туралы алып-қашпа әңгімелер асыра сілтенген тәрізді. (Және  Билл Гейтсте де бәрі жақсы, оны ешкім тұтқындаған жоқ).

Осы жерде айта кететіні, конспирологтар бізге белгісіз бір логикаға сүйеніп Қара папаны (Ақты да) масондармен байланыстырады. Бірақ оған ешқандай негіз жоқ – католиктік шіркеу үш ғасыр бойы масондармен тіл табыса алмай келеді. «Масондық екіжүзділікке, көзбояушылыққа толы,  азғындық пен жоққа сенетін зиянды секта. Олардың мақсаты – мемлекеттік билік пен шіркеуді жою», делінген Климент XII папасының 1738 жылғы 28 сәуірдегі Eminenti Apostolatus Specula Булласында.

Ал 1983 жылы католик шіркеуі өзінің бағытын бекітіп, католиктерге масондық ложа (жиын) мүшесі болуға тыйым салынатынын, оларға мүше адамдар қасиетті орындарға кірмейтінін мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяхуды не үшін айыптап жатыр?

Израильдік премьер шынында сот алдында жауап берді. Бірақ ол «Сот ісі 1000», «Сот ісі 2000» және «Сот ісі 4000» деген атпен танымал үш жемқорлық ісі бойынша айыпталып отыр:

  • Алаяқтық және сенімге қиянат жасау: Нетаньяхуды түрлі қызметке айырбас ретінде кәсіпкерлерден сыйлық, оның ішінде темекі мен шампан бөтелкесін алды деген айып тағылған.
  • Алаяқтық және сенімге қиянат жасау: Нетаньяху израильдік «Едиот Ахронот»  газетінің танымалдылығын арттыру үшін көмектесіп, оған жауап ретінде өзіне жарнама жасап беруді ұсынды деп айыпталып отыр.
  • Пара алу, алаяқтық және сенімге қиянат жасау: Премьер және байланыс министрі болған кезде Нетаньяху шешімдер телекоммуникация алыбы Bezeq-тің негізгі акционері Шауль Эловичтің мүддесіне сай қабылдануына әсер еткен, сол үшін Walla жаңалықтар ресурсында өзін жақсы қырынан көрсететін  мәтіндер жариялатқан.

Тағы да коронавируске ешқандай қатысы жоқ.

Дағыстанда және жалпы Ресейде не болып жатыр

Дағыстан Ресей Федерациясының коронавирустен ең көп зардап шеккен аймағы. Ол жақта карантиндік шаралар әлі алынбайды.

Керісінше, 28 мамырда Дағыстанға Мәскеуден медициналық арнайы борт келді. Аймақ билігінің дерегі бойынша, арнайы борт Дағыстанға коронавирусті емдеуге қайта бейінделген стационар мен емдеу барысын ұйымдастыруға қатысқан тәжірибелі дәрігерлер бастаған бригаданы жеткізді. Бригада құрамында кәсіби пульманологтар, инфекционистер, анестезиолог-реаниматологтар, рентгенолог пен реанимациялық медбикелер бар. Олар коронавируспен бірнеше айдан бері күресіп келе жатыр, деп хабарлады РИА-Новости.  

Қорытынды

  • Папа (қарасы да, ағы да) қайтыс болған жоқ, бұрынғы иезуиттер орденінің басшысы дүниеден өтті.
  • Нетаньхуды жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отыр, ал Дағыстандағы карантин жалғасып жатыр.
  • Барлық жерге «ілігіп» кететін Билл Гейтстің бұнда да қатысы жоқ.
  • Мұның барлығы қастандық теориясының бір түрі ғана. Осы секілді хабарламаларға сенбеңіз және тексерілген ақпаратты өткізіп алмас үшін біздің әлеуметтік арналарымызға жазылыңыз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz