Twitter қолданушы деректерін пайдаланғаны үшін 250 млн доллар айыппұл төлеуі мүмкін

The Wall Street Journal хабарлауынша Twitter АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясына(ФСК) пайдаланушылардың жеке дерегін таргетті жарнамаға пайдаланғаны үшін 150 миллионнан 250 миллион долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

ФСК-ның арызына сәйкес әлеуметтік желі 2013 жылдан 2019 жылға дейін жарнама үшін әлеуметтік желі қолданушылары ұсынған телефон нөмірлері мен электронды пошта мекенжайларын пайдаланды делінген. Алайда Twitter бұл деректерді әдейі таратпағанын айтады.

Twitter компаниясын жеке деректерді жарияламау туралы 2011 жылғы келісімді бұзды деп айыптауда. Компания өз клиенттеріне пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігі, дерегінің қорғалатынын және құпиялылығы туралы өтірік айтпауға міндетті еді.

Сондай-ақ, Twitter 10 жыл бойы жыл сайын өткізілетін келісімнің сақталуын тексеру үшін арнайы аудиторлық бағдарлама жасауы керек еді.

Шілде айында әлеуметтік желілерде хакерлер 130 аккаунт бұзған еді.

Алаяқтар олардың атынан туиттер жариялаған. Компания шабуыл жасаған аккаунттарды уақытша бұғаттауға және тексерілген пайдаланушыларға туит жариялауға тыйым салуға мәжбүр болды. Оқиғаны тергеу барысында Twitter соңғы 30 күн ішінде парольді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттады.

Factcheck.kz