Twitter ақылы нұсқасын биыл тестілеуі мүмкін

Бұл туралы компания басшысы Джек Дорси мәлімдеді. Платформаны ақылы түрде қолданушылардың қосымшасында жарнамалар болмайды. Джек Дорсидің мәлімдеуінше компания бұл бағытта енді бет алды.

Алайда компания Gryphon деп аталатын әзірлеушілер командасын жасақтай бастады. Олар ақылы өнім бойынша жұмыс істейтін болады.

Қосымшаны ақылы түрде пайдаланушыларға деген қажеттілік 2020 жылдың алғашқы екі тоқсанындағы қызмет туралы есепті талдаудан кейін пайда болды.

Күнделікті белсенді қолданушылар санының рекордтық өсуіне қарамастан (+20 миллионнан 186 миллионға дейін), жарнама түсімі 22 пайызға төмендеді.

Твиттердің жалпы кірісі негізінен екі санаттан тұрады: жарнама және деректерді сату. Жарнама кірісінің 22% төмендеуіне қарамастан, екінші тоқсанда деректерді сатудан түсімі 6% өсті. Алайда, бұл компанияны жалпы табысын 19% -ға төмендеуден сақтай алмады.

Factcheck.kz