Шымкент әкімдігі “Жезөкше” фильміне қанша қаржы жұмсады?

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басқармасы отбасы мен жастар тақырыбында 5 бейнеролик дайындауға байқау ұйымдастырды. Әуелде Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» парақшасында жарияланған бейнероликтің бірі әлеуметтік желіде көрерменнің ашуын тудырды. Салыө төлеушілер есебінен түсірілген видеоға қанша қаржы кетті? Ендеше, бірге тексерейік…

  • Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?
  • Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?
  • Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?
  • Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?
  • Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?

Оқиға желісі

Бойжеткен такси ұстап тұр. Жүргізуші қызды «әлеуметтік жауапкершілігі төмен» қыз деп қабылдайды. Бойжеткен «қызметіңіздің құны қанша» деген сұрақты естіп ашуланады. Видеоның соңында жүргізуші қызға киімінің ерсі екенін айтып, қарапайым киінбесе оны жеңіл жүрісті қыз деп қабылдап қалуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Бейнероликтің бағасы қанша?

Бұл бейнероликтің нақты бағасын анықтау қиын, себебі тендер ережесі бойынша орындаушы (жеткізуші) 5 ролик түсіруі керек. Жалпылама түрде 6,2 млн-ды ролик санына бөле салуға болады, бірақ бұл нақты бағаны бермейді.

Әуелде тендерге 8 млн теңге бөлінген. Жеткізуші – «Таласов Серик Туребекович» ЖК қызметіне ең аз сомманы, яғни  6,2 млн теңге ұсынып тендерді жеңіп алды.

Келісім-шарт жылдың соңына дейін жасалған, жеткізуші қызметті биыл 3 қазанға дейін орындауы керек. Қазіргі уақытта 6,2 млн теңгенің  3 млн-ы жұмсалған. Қанша бейнеролик түсірілгені белгісіз.

Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?
https://www.goszakup.gov.kz/ru/egzcontract/cpublic/show/10052176

Барлық видеоролик жеткізушінің инстаграм-парақшасында жарияланатын тәрізді. Айтпақшы, 5 маусымда парақшада жаңа пост шықты. Дисклеймерде «Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» деп көрсетілген.

Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?

Жеткізушіге қойылған талаптар

Келісім-шарт күшіне енген уақыттан бастап жеткізуші міндетті:

  • 10 жұмыс күні ішінде қысқа метражды бейнероликтер тұжырымдамасын, іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлейді және тапсырыс берушімен келіседі;
  • 15 жұмыс күнінен кейін: отбасы, жастар тақырыбына 5-10 минуттық бейнероликтер әзірлеу;
  • жергілікті телеарнада жоба аясында түсірілген бейнероликтерді көрсету.

Жалға алу да жоспарда бар

  • Түсірілімге арналған коттедж;
  • Техникалар (трактор, эксковатор, бульдозер, мотоцикл);
  • Спорт зал, стадион.

Түсірілім тобын тамақтандыру да келісім-шарт бағасына кіреді. Жастар арасындағы қысқаметражды бейнеролик байқауын ұйымдастыру. Бірінші орынға – ноутбук.

Бұған дейін…

Тендерге 6  компания қатысты. Комиссия байқау талаптарына сай келмейтін 4 өтінішті қабылдамады. Тендердің келесі кезеңіне «Таласов Серик Туребекович» ЖК мен Jaidarman Production өтті. «Таласов Серик Турбекович» ЖК аз сомма ұсынғандықтан жеңіске жетті.

Тендерде Jaidarman Production екінші орынды иеленді. Егер «Таласов Серик Туребекович» ЖК  келісім-шарт бойынша міндеттерін орындаудан бас тартса, келісім-шарт Jaidarman Production-ге өтіп кететін еді.

Шымкент әкімдігі "Жезөкше" фильміне қанша қаржы жұмсады?

Жалпы «Таласов Серик Турбекович» ЖК-нің мемлекеттік сатып алу порталында 9 келісім-шарты бар, олардың 7-еуі орындалды, 2-еуі орындалу үстінде. Тапсырыс берушілердің ішінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының басқармалары бар.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz