Ресейде әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған мобильді қосымша жасалды

Incrussia сайтының хабарлауынша Human Radar қосымшасы радар сияқты жұмыс істейді. Ол сегіз метрге дейінгі радиуста орналасқан смартфондар мен гаджеттерді бақылай алады.

Екі метрге дейінгі радиуста адаммен байланысқан жағдайда, қосымшадағы есептегіш мұны жазып алады. Бағдарлама жеті күн ішінде қауіпті контактілерді және байланыс уақыты мен күнін көрсете отырып, соңғы 48 сағаттағы толық статистиканы көрсетеді.

Бір жыл ішінде қосымшаға кездесу картасын және отбасының барлық мүшелерінің байланыстары туралы ақпараты бар “отбасылық бақылау” қызметін қосу жоспарлануда.

Мұндай қосымшалар Испания, Италия, Франция, Швейцария, Дания, Латвия және Германияда қолданылады. Олардың көмегімен сіз коронавирустың таралуын бақылай аласыз.

Factcheck.kz