Микроскоппен түсірілген сурет: Маска вирустан қорғамайды ма?

Әлеуметтік желілерде микроскоп арқылы түсірілген медициналық масканың суреті тарады. Суретте вирус көлемі мен маска «торының» көлемі салыстырылған. Осылайша, маска тағудың мағынасы жоқ, өйткені ол вирустан қорғамайды дейді. Рас-өтірігін тексереміз.

facebook парақшадан скриншот

Үкім: Жалған

Бұл туралы серіктесіміз Stopfake.org сайты зерттеп, жазған болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, COVID-19 вирусы негізінен адамнан адамға жөтелу, түшкіру немесе сөйлесу кезінде мұрыннан немесе ауыздан шыққан кішкентай тамшылар арқылы беріледі. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, медициналық маска науқастың тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылардан қорғау үшін өте тиімді, сондықтан маска тақсаңыз COVID-19 инфекциясын жұғуы төмендейді.

Сертификатталған медициналық маскалар тамшыларды (3 микрометр өлшемі; EN 14683 және ASTM F2100 стандарты) және бөлшектерді (0,1 микрометр өлшемі; ASTM f2100 стандарты) блоктау мүмкіндігіне тексеріледі. COVID-19 вирусы орта есеппен 0,1 микрометр.

Алайда вирус тамшыларының ауада өздігінен ұшпайтынын ескеру керек. Олар түрлі тамшыларға, жұқтырған адам шығаратын әртүрлі бөлшектерге қосылады.

Масканың сүзу деңгейі талшықтарға, оны жасау әдісіне, матаның құрылымына және талшықтың көлденең қимасының пішініне байланысты. Хирургиялық немесе медициналық маскалар үш қабаттан тұрады. Масканың екінші қабаты вирустық бөлшектерден қорғауда өте маңызды.Себебі ол микробтардың маскадан ішке өтуіне немесе сыртқа шығуына жол бермейтін сүзгі ретінде әрекет етеді.