Қырғызстандағы жылқылардан ауру табылғаны рас, бірақ…

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде “Қырғызстанда жылқылардан ауру шығыпты, базардан ет алмаңыздар. Бұл етті Бішкектен Нұр-Сұлтан мен Алматыға алып кетіп жатыр” деген мәтіндегі жазба мен “Бұл жылқыларда коронавирус болуы мүмкін” деген болжамдағы аудио хабарламалар тарап жатыр. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді. 

Қырғызстандағы жылқылардан ауру табылғаны рас, бірақ...

Қырғызстандағы жылқылардан ауру табылды

Үкім: Шындық 

Бұл хабарлама қырғызстандықтар арасында да тараған. Factchek.kg сайтының жазуынша Ыстық-Көл облысының ветеринарлық инспекциясының директоры Бақыт Шарапов жылқылар арасында ауру пайда болғанын растаған.

Ауырған жылқылардан сынама алынып, сараптама нәтижелері күтіліп отыр. Аймақтық губернатор бұйрығымен жылқылар ауырған аймақтан әзірше шығарылмайды. 

Бұл коронавирус болуы мүмкін

Үкім: Жалған

Бақыт Шараповтың сөзінше жылқылардан алынған сараптама нәтижесіне сай Covid-19 вирусы жануарладан табылмаған. 

Бұл ет Нұр-Сұлтан мен Алматыға кеп жатыр

Үкім: Жалған

Статистика комитетіндегі “ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ҚР-ның өзара тауарлар саудасы мен сыртқы сауда “ туралы 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы деректеріне сенсек, жылдың басынан бері Қазақстанға Қырызстаннан ет импортталмаған.

Бұл ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі де жоққа шығарған:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғызстан Республикасында жылқылардың белгісіз вируспен ауырып және олардың еті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына базарға сатуға әкелініп жатыр деген ақпарат жалған

ҚР АШМ

Ел аумағына Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге рұқсат берілген ауыл-шаруашылық мекемелерінің тізімінде ауру табылған Ыстық-Көл облысында тіркелген ұйымды таппадық. Ресми дерек бойынша Қазақстанға ет Шу облысынан ғана әкелінеді.

Материалды дайындаған: Думан Терлікбай

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz