Криштиану Роналду: Қазір өмір сүрудің орташа ұзақтығы— 82,5

28 қазанда Францияның France football басылымына Криштинау Роналду экслюзивті сұхбат берді. Сұхбат барысында «қазір [әлем бойынша] өмір сүру жасының орташа көрсеткіші 82,5 жасты құрайды» деп айтқан болатын. Футболшының бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шынайы екенін тексерді.

Криштиану Роналду: Қазір өмір сүрудің орташа ұзақтығы— 82,5
France football сайтынан скрин

 Үкім: Жалған

2019 жылы Geoba.se дерегінше әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы — 70,4. Криштиану Роналду айтқандай 82,5 емес (Бұл сайт Geonames.org, Америка Құрама Штаттарының халық санағы, Дүниежүзілік банк сайттарынан дереккөздерді жинайды).

Контекст

Қазақстан бұл рейтингте 167-орында. Орташа өмір сүру жасының көрсеткіші —  66,52.

Бұдан бөлек назарларыңызға азаматтары ең ұзақ өмір сүретін және өмір сүру ұзақтығы қысқа елдерді ұсынамыз. Жалпы рейтингке 228 ел тізімге енген.

Одан бөлек, Worldbank.org дерегеніше (2017 жыл) орташа өмір сүру жасының көрсеткіші — 72,383. Ал Денсаулық сақтау ұйымының 2016 жылғы деректерінде орташа өмір сүру жасынының көрсеткіші 72 жас деп көрсетілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz