Кәсіпкер “Уикипедияға” 2,5 миллион доллар қайырымдылық көмек көрсетті

Кәсіпкер "Уикипедияға" 2,5 миллион доллар қайырымдылық көмек көрсетті

Кәсіпкер Крейг Ньюмарк “Уикипедияға” ірі сомада қаржы аударды. Бизнесменнің қоры 2,5 миллион доллар көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды DW.

Ньюмарктың бұл шешіміне “Уикипедияға” жасалған жойқын хакерлік шабуыл себеп болды. Медиа-кәсіпкер Крейг Ньюмарктың қоры платформаны қорғау үшін “Уикипедияға” 2,5 миллион доллар аударды. Сейсенбі, қыркүйектің 10-ы күні Wikimedia Foundation коммерциялық емес ұйымы қайырымдылықтың мақсаты платформа қолданушыларының жеке дерегін сақтау екенін хабарлады.

Ньюмарк 1990-ші жылдары “Крейгслист”электрондық хабарландырулар сайтын құрды. Сонымен қатар, Ньюмарк меценат ретінде танымал. Бұған дейін ол “Уикипедия” жобаларына қаржылай екі миллион доллар көмек көрсеткен еді.

Өткен жұма күні белгісіз хакерлер бірнеше сағатқа созылған DDOS-шабуылдардың көмегімен “Уикипедияның” жұмысын тоқтатып қойды. DDOS-шабуылдар арқылы серверлер мағынасыз сұраныстар ағынымен істен шығады.

Factcheck.kz