Израильдік құқық қорғаушылар биліктен Беларусьқа смартфонды бұзу жүйесін сатуды тоқтатуды талап етеді

Израильде жергілікті құқық қорғаушылар Беларусьқа смартфондарды бұзу технологиясын сатуға байланысты дабыл қағуда. Соңғы бірнеше аптада Беларусь билігі наразылықтарды аяусыз басып, қауіпсіздік күштері наразыларға қару қолданды. Нәтижесінде 6 мыңға жуық демонстрант қамауға алынып, бірнеше адам қайтыс болды. Бұл туралы Haaretz хабарлайды.

Жақында Израильдің құқық қорғаушылары Cellebrite компаниясы Беларусьтың қауіпсіздік қызметтеріне ұялы телефондарды бұзу және ондағы деректерді алу технологиясын ұсынғанын анықтады.

Бұған дейін Cellebrite Гонконг полициясы үшін осындай тапсырысты орындаған болатын.

Cellebrite технологиясы смартфоннан файлдардың толық шығарылуын қамтамасыз етеді. Яғни, телефон деректерінің көшірмесін клиенттің компьютеріне жіберуге мүмкіндік береді.

Компанияның өзі жүйені Беларусьқа сататындығын растаудан бас тартты. Алайда елдің тергеу органдары БР билігі 2016 жылдан бастап Беларусьта Cellebrite жасаған UFED сот-сараптама платформасы технологиясы қолданылып келе жатқанын растайтын бірнеше ресми есеп жариялады.

Компания өкілі құқыққорғаушылардың шағымына жауап берді. Оның айтуынша компанияның процедуралары мен саясатына сәйкес нақты клиенттер немесе технологияны пайдалану туралы шағымдарға жауап бермейді. Компания технологияны пайдалану тәсілін анықтайтын ішкі стандарттарды айқын ұстанады.

Алайда G-7 құрған “қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы топтар” тізіміндегі немесе АҚШ әкімшілігінің, Израиль үкіметінің немесе халықаралық қоғамдастықтың санкцияларына ұшыраған елдерге сатпайды. Сонымен қатар, Cellebrite аңдумен айналыспайды және бұл салада жұмыс істемейді дейді компания өкілі.

Factcheck.kz