Иранда журналистер "13 жылдық өтірік" үшін кешірім сұрады

Украина ұшағының құлауы мен Тегерандағы наразылықтарға байланысты Иранда мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істейтін екі журналист жұмыстан өз еркімен кетті. Журналистер 13 жыл бойы өтірік айтқаны үшін халықтан кешірім сұрады. 

Желари Жабари инстаграмда: “Біздің адамдарды өлтіргеніне сене алар емеспін. Мұны кеш білгенім үшін кешірім сұраймын. 13 жыл бойы өтірік айтқаным үшін кешірім сұраймын” деп жазды. Көп ұзамай журналист жазбаны өшіріп тастады.

Жабаримен бірге бірнеше тележүргізуші осыған ұқсас мәлімдеме жасады. Телевидение мен радиода 21 жыл жұмыс істеген Саба Рад жұмыстан кетіп, енді БАҚ-та қайта жұмыс істемеу шешімін қабылдады. 

ВВС радиосына берген сұхбатында Иранның Press TV телеарнасының комментаторы Ганбар Надери: «Үкіметке сенім аз, адамдар еркіндікті қалайды. Олардың ұшақтың құлауы туралы айтқан өтіріктері халықтың сенімін жоғалтты. Ислам революциялық ұлан корпусы мұны жақсы біледі»

Контекст

  • Қаңтардың 8-і “Тегеран-Киев” бағытындағы “Украинаның халықаралық әуе желілері” Boeing 737 ұшағы Ислам Хомейни атындағы әуежайдан ұшқаннан кейін көп ұзамай құлады. 176 адам қаза тапты. Иран ұшақты зымыран атып түсіргенін жоққа шығарды.
  • Кейін Иран украиндық ұшақтың апатқа ұшырауының себептері туралы есеп берді. Құжаттағы деректеріне сәйкес әуе кемесінің экипажы құлау алдында әуежайға қайта оралуға тырысты.
  • Украина билігі Ирандағы Boeing-737-800 “Украинаның халықаралық әуе желілері” ұшағының апатқа ұшырауы себептерінің жеті нұсқасын қарастыруда. Оның ішінде зымыранның тиюі де бар.
  • Қаңтардың 11-і Иран Қарулы Күштері Бас штабы украиналық ұшақты “абайсызда” атып түсіргенін мойындады.

Factcheck.kz