Илон Маск ресейлік хакерлердің Tesla зауытына кибершабуыл дайындағанын растады

SpaceX және Tesla негізін қалаушы, американдық кәсіпкер Илон Маск электромобиль зауытына ресейлік хакерлер тобы шабуыл жасағысы келгенін растады. Бұл жайлы Bloomberg хабарлайды.

Ресейлік Егор Крючков Невададағы Gigafactory’да жұмыс істейтін орыс тілді қызметкерді тауып, оған Tesla компьютер желісіне енгізу үшін 1 миллион доллар қолма-қол ақша немесе битоин ұсынды. Крючковты Федералды тергеу бюросы тұтқындады.

Крючков қызметкердің жұмыс компьютеріне зиянды бағдарлама жасақтамасын орнатқанын қалады. Осылайша, ол компания жүйесіне қол жеткізіп, ақпаратты жарияламау үшін одан қаржы талап етуді жоспарлаған.

ФТБ қызметкерлері Крючковпен байланысқаннан кейін, ол Невада штатының Рино қаласынан Лос-Анджелеске көшіп кетеді. Сосын досынан елден кету үшін ұшаққа билет алып беруін сұрайды. Тамыздың 22-сі Крючков тұтқындалды.

Біраз уақыт бұл оқиғадағы компанияның аты жасырын ұсталды. Бірақ көп ұзамай Tesla-ның өзі олардың жұмысшысы қомақты қаржыдан бас тартқанын және ФТБ-мен бірлесіп, кибершабуылдың алдын алғанын хабарлады.

Крючковтың әрекетіне сүйене отырып, компания мен Американың тәртіп сақшылары оның артында “тергеуді жақсы жүргізген” команда тұр деп болжайды.