Google қадағалау опциясы өшірілген кезде де пайдаланушылардың дерегін жинаған

Boies Schiller Flexner Заң фирмасы Google Alphabet Inc. компаниясын сотқа берді. Арызға сәйкес компания интернеттегі және қосымшалардағы белсенділікті қадағалау опциясы өшірілгеннен кейін де пайдаланушы жайлы деректерді заңсыз жинаған. Бұл жайлы Reuters хабарлайды.

Компания Google-ді біреудің әңгімесін тыңдау жайлы Федералды заңды және Калифорния штатының құпиялылық туралы заңын бұзды деп айыптайды. Арызданушылардың пікірінше мәліметтерді қолданбалардың ішінде жұмыс істейтін және пайдаланушылар үшін көрінбейтін Firebase бағдарламасы жинаған.

Google Firebase – деректерді сақтау, хабарламалар мен жарнамаларды жеткізу, сондай-ақ ақауларды қадағалау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер арасында танымал қызмет.

Маусым айында заңгерлер “инкогнито” режимін таңдағанда да Chrome пайдаланушыларына тыңшылық жасайтынын айтып, арызданды. Деректер жинау Google Analytics, ad Manager жарнама менеджері және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Арызданушылар әр пайдаланушы үшін кемінде бес мың доллар көлемінде өтемақы талап етті.

Factcheck.kz