Google Еуроодақтың фейкке қарсы жаңа қорына 25 миллион еуро аударады

Google фейк ақпаратпен күресу үшін жаңадан құрылған Еуропалық медиа және ақпарат қорына 25 миллион еуро аударады. Бұл туралы компанияның фейкке қарсы шарасына сын көбейген тұста Reuters агенттігі хабарлады.

Google компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі бизнес және операциялар бөлімі басшысы Мэтт Бриттиннің айтуынша, ойдан шығарылған ақпарат пен дәлелді айыра білу өте маңызды.

Бұл қорды өткен аптада Калуст Гулбенкян қоры мен Еуропалық университеттер институты құрды. Оның қызметі фактчекерлерді, коммерциялық емес және басқа ұйымдарды фейк ақпаратпен және қоғамдық мүдде үшін күресетін зерттеушілерді тартуға бағытталған.

Контекст

Бұған дейін біршама елдің билігі әлеуметтік желі әкімшілігін фейкке қарсы қолданып жатқан шараларын сынаған. Сонымен қатар, Facebook, Google және Twitter басшылары фейкпен күрес туралы АҚШ Конгресіне есеп беретіні хабарланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz