«Формула-1» спортшысы COVID-19 қарсы вакцинаны сынға алғаны үшін кешірім сұрады

«Формула-1» алты дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон өзінің инстаграм парақшасында Билл Гейтстің коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасау халықты жаппай чиптеуге әкелмейді деген мәлімдемесіне сенімсіздік білдіретін видео жариялады. Бұл жайлы РБК хабарлайды.

Хэмильтон жариялаған видеода блогер Кинг Бах жасаған жазба бейнеленген. Ол Майкрософт басшысының мәлімдемесіне «бірінші рет өтірік айтқаным есімде» деп пікір білдірді

Спортшы жариялаған бірнеше жазбалардан соң оқырманда оны антиваксер (вакцинацияға қарсы қозғалысқа қатысушы) деп атай бастады. Көп ұзамай Хэмильтон жазбаларды өшіріп, түсіндірме видео жариялады.

Мен жазбаға бекітілген сөйлемді көрген жоқпын, бұл менің қателігім және мен Билл Гейтстің қайырымдылық бағытындағы жұмысын құрметтеймін. Мен вакциналарға қарсы емес екенімді ашық айтқым келеді. Олардың коронавируспен күресте пайдалы болатынына күмәнім жоқ. Олардың дамуы өмірді сақтайды деп сенемін

Льюис Хэмилтон

Спорошы сонымен бірге вакцинаның жанама әсерлері мен дәрі-дәрмектің дамуына кететін қаржыға қатысты көп нәрсенің белгісіз екенін айтты.

Factcheck.kz