Firefox қолданушы дерегін қорғау үшін электронды поштасын жасырады

Mozilla Firefox Relay қызметі Firefox Account аккаунты бар пайдаланушылардың электронды поштасын жасыруды сынақтан өткізуде. Жаңа қызмет жайлы компания өз блогында хабарлады.

Жаңа қызмет @relay.firefox.com-деп аяқталатын жаңа кездейсоқ пошта жасайды. Жасанды поштаға келген хат қолданушының шын поштасына жіберіледі.

Пайдаланушы тіркелген әрбір сайт үшін Firefox Relay қызметі жаңа бүркеншік ат ұсынады. Спам көбейіп кеткен жағдайда поштаның кез-келгенін басқару бетінде оңай өшіруге болады.

Егер белгілі бір сайттардың пайдаланушы базасы алаяқтардың қолына түссе, нақты email олардан жасырылады. Бұл жағдайда пайдаланушы кез-келген уақытта хаттар қосымша поштадан өзінің поштасына ауыстыра алады.