Apple-дің негізін қалаушы YouTube-ті сотқа берді

Apple-дің негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк YouTube-ке қарсы сот ісін қозғады. Оның айтуынша компания бірнеше айдан бері алаяқтарға Bitcoin тарату туралы видеоларда өз бейнесін пайдалануға рұқсат беріп отыр. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Алаяқтар платформанц пайдаланушыларды биткоинды тегін тарататынын және оған жіберген биткоинды екі есе қайтаратынын айтып, Возняктың суреті мен видеосын пайдаланған. Әрине, алданған пайдаланушылар ештеңе алмайды. Возняктың айтуынша, YouTube оның видеоларды өшіру туралы өтініштерін елемейді.

Возняк YouTube және оның бас Alphabet компаниясы дереу бейнені алып тастауды және алаяқтықты ескертуді талап еткен 17 арызданушының бірі. Зардап шеккендер өтемақы талап етуде. Криптоалаяқтар SpaceX негізін қалаушы және Tesla басшысы Илон Маск және Билл Гейтстің бейнелерін пайдаланады.

Factcheck.kz