235 миллион Instagram, YouTube және TikTok пайдаланушыларының профильдері интернетте тарап кетті

Comparitech компаниясының мамандары Instagram, TikTok және YouTube сервистерін пайдаланушылардың 235 млн-ға жуық профилі бар қорғалмаған деректер базасын тапты.

Деректер жиынтығын зерттеуші Боб Дьяченко екі апта бұрын анықтаған. Онда қоғамдық профильдерден алынған мәліметтер, соның ішінде логиндер, пайдаланушының толық аты-жөні, байланыс нөмірі, суреттер, жазылушылар саны туралы статистика, жасы және саласы жазылған.

192 миллионнан астам жазба Instagram пайдаланушыларына, 42 миллион TikTok пайдаланушыларына және 4 миллионға жуық YouTube пайдаланушыларына тиесілі. Барлық ақпарат көпшілікке қол жетімді болғанымен, үш платформаның ережелері профильдерден деректерді алуға тыйым салады.

Алдымен зерттеушілер табылған деректер базасын қазір жоқ Deep Social компаниясымен байланыстырды. Бұл компания 2018 жылы Facebook және Instagram-да әлеуметтік желілерінің тыйым салғанына қарамастан, пайдаланушы профильдерінен деректер ұрлаған.

Алайда Deep Social компаниясы Дьяченконы Social Data компаниясына сілтеп отыр. Social Data танымал блогерлер туралы ақпаратты маркетингтік фирмаларға сатуға мамандандған. Алайда, Social Data Deep Social-мен байланысын жоққа шығарды. Сондай-ақ, мәліметтер базасын қалыптастыруды заңсыз әрекет деп санамайтындығын айтады.

Factcheck.kz