Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Бұл қазіргі президенттің алғашқы жолдауы болғандықтан барлық БАҚ өкілдерінің назарына ілікті. Көпшілік күткен тікелей эфир болмаса да, Твиттерде мәтіндік трансляция жүргізілді, ал жолдаудың толық нұсқасы Ақорда сайтына жарияланды. Президент өз сөзінде уәделер мен тапсырмалар беріп қана қоймай, елдің қазіргі жайы туралы оннан аса мәлімдемелер жасады. Президенттің қаншалықты нақты сөйлейтінін тексеріп көрелік. (Материал толықтырылуда)
Мәлімдеме:
«2018 жылы мемлекеттік сатып алу мөлшері 4,4 трлн теңгені құрады, оның 3,3 трлн-ны (75%) бір көзден бәсекесіз жолмен жүзеге асырылған.
Қ.Тоқаев
Үкім: Жартылай шындық
Мемлекеттік сатып алу порталының жылдық есебіне сәйкес, 2018 жылы мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері 3,9 трлн теңге болған. Президент мәлімдеген сомма порталда көрсетілген 500 млрд.-тан асып түседі.
Datanomika телеграм-арнасының мәліметінше, 2018 жылғы мемлекеттік сатып алудың 74 % -ы бәсекесіз жолмен жүзеге асқан. Арна авторлары мәліметтердің дереккөзі ретінде goszakup.kz мемлекеттік сатып алу порталын көрсетті.

Мәлімдеме:
«Ресми статистикаға сәйкес, 80 мыңнан аса бала мүгедектік бойынша есепте тұр».
дейді Тоқаев.
Үкім: Шындық
Статистика комитетінің мәліметіне сенсек, 2018 жылы республикада 18 жасқа дейінгі 87 мың бала мүгедек ретінде тіркелген. Осы ресми деректерге сәйкес 2018 жылы Қазақстанда дамуында шектеулері бар 153,2 мың бала есепке алынған.
Мәлімдеме:
Тұрғындардың ЖІӨ мен кірісінің артқанына қарамастан, қазақстан қоғамының жікке бөлінуі сақталуда, тіпті артып жатыр.
Қ. Тоқаев
Үкім: Манипуляция
Президент біздің ЖІӨ мен кірістің өсуін қай кезең бойынша және қандай валютада қадағалап отырғанымызды айтпағандықтан манипуляцияға жол беріліп тұр. Егер соңғы екі жылды айтар болсақ, шын мәнінде ЖІӨ мен кірістің шамалы ғана артқанын байқауға болады. Ал соңғы бес жылды айтсақ, 2013 жылғы көрсеткіштерге жетуге әлі ерте.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2013 жылы ЖІӨ 236 633,3 млн АҚШ долларын құраған, ал 2018 жылы – 172 938,7 тең. Сонымен қатар, егер теңгемен есептесек, 35 999 025,1 млн-нан 59 613 707,5 млн-ға дейінгі тұрақты өсуді байқауа болады. Дегенмен 2014 жылғы инфляция мен девальвацияны да ұмытпағанымыз жөн. Сол кезден теңгенің құны құлдырап, долларға қатысты екі есе арзандап кетті.
Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері // актуал мерзімі – 07.08.2019 | 2013 жыл | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 |
ЖІӨ | ||||||
млн. тенге | 35999025,1 | 39675832,9 | 40884133,6 | 46971150,0 | 53101281,8 | 59613707,5 |
млн. АҚШ доллары | 236 633,3 | 221 417,7 | 184 387,0 | 137 278,3 | 162 887,4 | 172938,7 |
Жан басына шаққандағы ЖІӨ | ||||||
теңге | 2113204,8 | 2294830,2 | 2330360,2 | 2639710,3 | 2943893,0 | 3261768,4 |
АҚШ доллары | 13890,8 | 12806,7 | 10509,9 | 7 714,8 | 9 030,3 | 9462,4 |
АҚШ долларының орташа айырбастау бағамы | 152,13 | 179,19 | 221,73 | 342,16 | 326 | 344,71 |
Өмір сүру деңгейі | ||||||
Тұрғындардың жан басының орташа номиналды кірісі | ||||||
теңге | 56 453 | 62 271 | 67 321 | 76 575 | 83 053 | 92703 |
АҚШ доллары | 371,1 | 347,5 | 303,6 | 223,8 | 254,8 | 268,9 |
Өмір сүрудің ең төменгі көрсеткіші | ||||||
теңге | 17 789 | 19 068 | 19 647 | 21 612 | 23 783 | 27 072 |
АҚШ доллары | 116,93 | 106,41 | 88,61 | 63,16 | 72,95 | 78,5 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақасы | ||||||
теңге | 109141 | 121021 | 126021 | 142898 | 150827 | 162673 |
АҚШ доллары | 717 | 675 | 568 | 418 | 463 | 472 |
Бағалар | ||||||
Тұтынушы бағасының индексі (кезеңнің соңында, алдыңғы жылдың желтоқсан айына пайызбен) | 104,8 | 107,4 | 113,6 | 108,5 | 107,1 | 105,3 |
Мәлімдеме:
5 жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 77 мыңнан 1,4 млн-ға дейін өсті
дейді Тоқаев
Үкім: Шындық (және манипуляция)
Атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны 2014 жылдан бері расында өсті. Алайда, бұл мемлекетке “аузын ашқандар” саны артқанынан емес, 2018 жылы АӘК берудің жаңа форматының енгізілуіне байланысты.
Сататиска комитетінің деректерінше АӘК алатындар саны 2014 жылдан 2017 жылға дейін 2,4 есеге, яғни 56,1 мыңнан 23,3 мыңға дейін азайған. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК берудің жаңа форматы енгізілді және көмектің бұл түріне бұған дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүлшелеріне берілетін және жекелей төлемдер біріктірілді. Демек, төлемдер біріктірілгеннен кейін көмек алушылар саны 24,6 пайызға өсіп, 571,6 мыңға жетті. Ал 2019 жылдың 1 шілдесінде АӘК алатындар саны 1.6 азаматқа жетті. Бұлар негізінен табыстары күңкөрістің ең төменгі деңгейіне жетпейтіндер.
Демек, АӘК алушылардың саны расымен өсті. Бірақ, бұның негізгі себебі, есептеу жүйесіндегі өзгерістер.
АӘК алушылар саны (ҚР Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) | 2016 | 2017 | 2018 |
Қазақстан Республикасы бойынша | 28786 | 23267 | 571584 |
Ақмола облысы | 713 | 499 | 12 371 |
Ақтөбе облысы | 311 | 240 | 20 082 |
Алматы облысы | 3 030 | 2 649 | 58 768 |
Атырау облысы | 2 666 | 2 035 | 10 949 |
БҚО | 2 226 | 1 528 | 16 815 |
Жымбыл облысы | 2 185 | 1 597 | 74 517 |
Қарағанды облысы | 3 056 | 2 723 | 10 967 |
Қостанай облысы | 1 986 | 1 581 | 14 256 |
Қызылорда облысы | 904 | 574 | 39 409 |
Маңғыстау облысы | 2 133 | 1 731 | 9 761 |
Түркістан облысы | – | – | 195 620 |
ОҚО (атауы ауыспағанға дейін) | 1 496 | 1 106 | – |
Павлодар облысы | 597 | 522 | 6 977 |
СҚО | 1 927 | 1 501 | 8 723 |
ШҚО | 3 785 | 3 276 | 31 601 |
Астана қаласы | 1 381 | 1 329 | 4 601 |
Алматы қаласы | 390 | 376 | 2 781 |
г.Шымкент қаласы | – | – | 53 386 |
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.