200 теңге туралы әлеуметтік желідегі ақпарат қаншалықты рас?

Әлеуметтік желілерде 200 теңгелік купюраның жаңа монеталық “дизайндағы” бейнесі тарап жатыр. Жалпы соңғы жарты жылдықта 200 теңгеге байланысты болжаулар мен зомби-фейктер көбейген. Factcheck.kz сайты осы ақпаратты тексеріп көрді.

200 теңгелік монетаның жаңа дизайны шықты

Үкім: Жалған

200 теңге туралы әлеуметтік желідегі ақпарат қаншалықты рас?

Суретте бейнеленген 200 теңгелік монетаны шынымен ҚР Ұлттық Банкі шығарған. Бірақ бұл 2009 жылы 27-ші қарашада инвестициялық монета түрінде шыққан.

200 теңге туралы әлеуметтік желідегі ақпарат қаншалықты рас?
nationalbank.kz

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тек 200 теңгенің ғана емес, 500, 1000 және 5000 мың теңгелік купюралардың монеталық нұсқасы тарап жүр. Бұл суреттерде бейнеленген монеталар тек коллекциялық мақсатта шығарылған. Бұл туралы толық ақпаратты ҚР Ұлттық Банктың ресми сайтынан әрі Facebook парақшасынан табуға болады.

Жаңа 200 теңгелік монета айналымға шығады

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық Банкінің сайтында 2020 жылдан бастап номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығаратыны туралы ресми мәлімдеме шықты.

Ұлттық-Банк-номиналы-200-теңгелік-монетаны-2020-жылы-айналысқа-шығарады

Қыркүйектің 9 күні Factcheck.kz сайтында жаңа 200 теңгелік купюраның жақын арада айналымға шықпайтындығы туралы материал жарық көрген болатын. Кейіннен ҚР Ұлттық Банкі 200 теңге купюра түрінде емес монета түрінде 2020 жылы айналымға шығатынын ресми мәлімдеді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz