Жалған | Жаңа 200 теңгеліктер айналымға шығады

15 тамызда You Tube желісінде “Скоро выйдут новые 200 тенге? Продавцы знают, но нацбанк молчит” деген тақырыппен видео тарады. Видеода қолданыстағы 200 теңгелік купюралардың айналымнан шығып жатқандығы және көптеген сауда орындарында оларды қабылдамайтындығы туралы айтылады. Біз осы ақпараттың рас-өтіріген тексеріп көрдік.

Үкім: Жалған

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, қазіргі таңда жаңа 200 теңгелік купюраларды қолданысқа енгізу жоспарда жоқ. 

ОТВЕТ Фактчек.кз по 200 тенге каз

Ұлттық Банктің бізге берген жауабында алдағы уақытта жаңа 200 теңгелік купюраларды айналымға шығаруды жоспарлап отырмағандығын хабарлады. Сонымен қатар, Ұлттық Банк қолданыстағы қағаз ақшалар мен монеталардың сапасын қадағалап отырады және пайдалануға жарамсыздарын айналымнан алып тастайды.

Сауда орындарында сізден төлем ретінде ақша қабылдамаса не істейсіз?

Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту – ескерту жасауға әкеп соғады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабы

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz