Зейнеткерлер шипажайда демалған шығындарынан 30 АЕК қайтара ала ма?

WhatsApp мессенджерінде зейнеткерлер енді Қазақстанның кез келген шипажайында демалып, жолдамасын өздері төлеп, кейін мемлекеттен 30 АЕК (117 960 теңге) көлемінде өтемақы ала алады деген хабарлама тарап жатыр. Ол үшін Халық банкінен немесе поштадан есепшот ашып, жеке куәліктің көшірмесін, төлем чегін ұсынып, әлеуметтік қорғау органдарына құжат тапсыру керек екен.

Зейнеткерлер шипажайда демалған шығындарынан 30 АЕК қайтара ала ма?
WhatsApp хабарламасының скриншоты

Factcheck.kz редакциясы мұндай бағдарламаның шынымен бар-жоғын және зейнеткерлер жолдамаға өздері төлегеннен кейін қандай да бір өтемақыға үміттенуге құқылы ма екенін тексеріп көрді.

Үкім: Жартылай шындық

Жасы бойынша зейнеткерлерге осындай қолдау шарасы Ақмола облысында биылдан бастап бар. Хабарламада аймақ нақтыланбағандықтан, республикалық бастама туралы айтылғандай әсер қалдыруы мүмкін, алайда олай емес. Сондай-ақ, дәл Халық банкінде шот ашу талабы да расталмады.

Зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделуге арналған әлеуметтік көмек аймаққа байланысты әртүрлі болады. Өзекті ақпаратты өз елді мекеніңіздегі әлеуметтік қорғау бөлімінен білуге кеңес береміз.

Толығырақ

Ақмола облысының жасына байланысты зейнеткерлерге 30 АЕК мөлшерінде өтемақы туралы ақпаратты өңірлік және республикалық БАҚ растайды (1, 2, 3, 4, 5, 6). Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мұндай көмекті тұрғындар екі жылда бір рет ала алады.

Төлемді алу үшін зейнеткер:

  • жолдамаға ақы төлеу;
  • чекті сақтау;
  • курортта болғанын растайтын құжаттарды (төлем шотын, көрсетілген немесе орындалған жұмыстардың актісін) алуға;
  • курорттан оралғаннан кейін жиналған құжаттар мен жеке куәлікті алып, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет.

Шипажайды зейнеткер өзі таңдайтынын ескертеміз. Өтемақы өтініш беруші көрсеткен банк шотына аударылады.

Маңызды: зейнеткерлер мен олардың туыстары әрқашан жергілікті атқарушы органдарға жүгіне отырып, өз өңірінде санаторлық-курорттық емдеуге арналған әлеуметтік көмектің бар-жоғын және шарттарын нақтылауы керек. WhatsApp хабарламаларында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болуы мүмкін. Әрқашан ақпаратты ресми көздерден тексеріңіз.

Фактчекер, ищу истину и точные данные

Factcheck.kz