Cоңғы уақытта Қазақстанда ажырасқан жанұялар саны көбейгені туралы жиі айтылады. 3 қыркүйек 24.kz сайты да Қазақстанның әлем бойынша ажырасу көрсеткішінен тоғызыншы орында екенін жазды. Сондай-ақ сайт әрбір үшінші жұп жарасымды өмір сүріп кете алмайды дейді. Аталған ақпаратты бірге тексеріп көрейік.
Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында
Үкім: Үкім жоқ
Қазақстанды ажырасу көрсеткіші бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа қосуға болады. БҰҰ соңғы жинағында Қазақстанның 1000 адамға шаққандағы ажырасу коэффиценті – 3.0 (Demographic Yearbook – 2018) 117 ел арасында), алғашқы ондыққа кіреді. Бірақ, мәлімдемеде Қазақстан әлем елдерінің алғашқы ондығында деп жазылмаған, сол себепті үкімсіз қалдырғанды жөн көрдік.
БҰҰ мәліметінше, Қазақстан 2017 жылы 8-орында болған. Алайда статистикаға барлық елдегі және барлық жылдағы ажырасу көрсеткіші тіркелмеген.

Жоғарыдағы картадан Қазақстанның ажырасу коэффициенті 2.3 – 4.0 арасында екенін көре аламыз. Бұл ажырасудың жоғары екенін көрсетеді.
Еліміздегі әрбір үшінші жұп жарасымды өмір сүріп кете алмайды (ажырасады – ред.) екен
Үкім: Жартылай шындық
Ресми дерекке сенсек, 2019 жылы 139 504 неке тіркеліп, оның 59 796-ы ажырасқан. Егер, есептейтін болсақ, әрбір үшінші жұп тұрақты ажырасады деуге келмейді. Коэффицент – 2,33 болады. Бұл – кейде әрбір үшінші, ал кейде әр 2-жұп болуы мүмкін.
2020 жылдың қаңтар мен маусым айлары аралағында 45 036 неке тіркеліп, оның 12 747-сі ажырасқан. Бұл әрбір үшінші отбасы.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда ажырасу көрсеткіші көбейіп, неке саны жылдан жылға азайып келеді. Өкінішке орай, бұл – шындық.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.