Жасанды интеллект адамсыз-ақ Minecraft ойынын меңгерді

Google DeepMind зерттеушілері мен Торонто университетінің ғалымы бірігіп жасаған Dreamer жасанды интеллект алгоритмі небәрі бірнеше күн ішінде Minecraft ойынын өз бетінше меңгеріп, шебер деңгейіне жетті. Бұл туралы SecurityLab басылымы Nature журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Dreamer алдын ала нұсқаусыз, бар болғаны тоғыз күн ішінде ойын шеберіне айналды. Оған қалай ойнау керегін ешкім үйретпеді — тек ықтимал әрекеттер беріліп, гауһар тастарды табу секілді мақсаттар үшін марапат жүйесі белгіленді.

Эксперимент барысында Dreamer әр 30 минут сайын жаңа виртуал әлемге түсіп отырды. Жер бедері, ресурстары мен шарттары әр уақытта өзгеріп отырды. Осы өзгерістерге алгоритм жылдам бейімделіп отырды: ол өз болашағын, мақсатына жеткен сәтін ойша елестетіп, соған жетелейтін әрекеттерге ғана мән берді. Dreamer-дің ерекшелігі — ол өз жолын өзі тауып, тәжірибе арқылы нәтиже шығаруы, біреудің стратегиясын көшірмейді.

Мұндай тәжірибелер жасанды интеллектіні ауыспалы жағдайларға бейімделуге, өз бетінше үйренуге және мақсатқа жетуге баулиды. Бұл — болашақта адам бақылауынсыз-ақ күрделі тапсырмаларды орындай алатын роботтар жасауға маңызды қадам.

Контекст

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) қолдануды реттейтін заң жобасын таныстырды. ЖИ туралы заң жобасы жеті тарау мен 27 баптан тұрады. Құжатта ЖИ жүйелерін қауіп деңгейі мен автономдылық дәрежесіне қарай жіктеу қарастырылған. Адамсыз жұмыс істей алатын жүйелерге тыйым салынуы мүмкін.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz