Жарнама сайттарында алаяқтардың 5 мыңнан аса аккаунты бұғатталды

Алматы облысының прокуратурасы («Крыша.kz», Kolesa.kz және Olx.kz) ірі онлайн-платформалармен меморандумға қол қойып, интернет-алаяқтықпен күресу үшін үздіксіз ақпарат алмасу жүйесін енгізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда алаяқтық белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт бұғатталған. Тағы 7 мың аккаунт тексеріліп жатыр.

Бұғатталған аккаунттардың басым бөлігі Алматы мен облыстағы жылжымайтын мүлікті жалға беру, сату, автокөліктерді нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу сынды қызметтерге байланысты болған. Алаяқтар өздеріне тиесілі емес мүлік пен тауарлардың суретін пайдаланып, бронь жасау үшін алдын ала төлем талап еткен.

Прокуратураның айтуынша, цифрлық экожүйе қатысушыларымен бірлескен жұмыс ауқымы кеңейіп келеді.

Контекст

WhatsApp мессенджерінде егер қандай да бір топта біреу аудиочатты іске қосса, оған қосылуға мүлде болмайды, өйткені бұл алаяқтардың телефонды бұзу әрекеті деген хабарлама тарап жатыр. Пайдаланушыларға сақ болуға, аудиочатқа қатыспауға, осылайша «шабуыл құрбаны» болмауға кеңес береді. Алайда Factcheck.kz бұл ақпаратты растайтын сенімді дереккөз таппағанын хабарлады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz