Әлеуметтік желіде Дональд Трамптың орыс тіліне аударылған Конгресстегі сөзі тарады. Видеода Трамп «USAID желісі арқылы Қазақстанға ЛГБТК+ қауымдастығын дамыту мен қорғау үшін 10 миллион доллар бөлінген» деп айтады. BES.media видеоның рас-өтірігін тексерді.
Бұл видео шындыққа жанаспайды. BES.media зерттеуіне сәйкес, Трамп түпнұсқа видеода мұндай ақпарат айтпаған. Желіде тарап жатқан бейнежазба жасанды интеллект көмегімен өзгертілген болуы мүмкін, өйткені кадрлардың өңделгені байқалады.
Қазақстандағы USAID кеңсесі жабылғаннан кейін агенттікті бірнеше рет ЛГБТ қозғалысын, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырды деп айыптады. Алайда бұл айыптаулар ресми түрде дәлелденбеген.
Контекст
Бұған дейін Қазақстанда USAID агенттігі өз қызметін аяқтағанын хабарлаған видео тарады. Бұл роликте агенттік өз жұмысының қорытындыларын көрсетіп, ЛГБТ-қоғамдастық пен гендерлік теңдікті қолдау, журналистерге, белсенділерге және құқық қорғаушыларға қаржылай көмек бергенін айтады. Factcheck.kz редакциясы бейнежазбаны тексеріп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады.