Орыс тіліндегі ресурста Сенегал билігі француз тілін мемлекеттік тіл статусынан айырып, оның орнына араб тілін бекіткені туралы ақпарат тарады. “Проверено” басылымы мағлұматты тексерді.
Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда).
Сенегалдың жаңа президенті Бассиру Диомай Фай 2 сәуірде ресми қызметін бастады. Ол 54% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Сенегалдың 1960 жылы Франциядан тәуелсіздігін алғаннан бері тек бір мемлекеттік тілі болған. Бұл – француз тілі. Сенегалдың 2001 жылы қабылданған Конституциясы бойынша, елдің мемлекеттік тілі – француз тілі, ал диола, манинка, фула, серер, сонинке, волоф тілдері ұлттық болып саналады. Сенегалдағы барлық құжат, заңдар француз тілінде жазылады.
France 24 телеарнасының Les Observateurs жобасының фактчекерлері Сенегал президенті әкімшілігінен хабарласып сұрады. Олар елде тілдің ауыспағанын мәлімдеді.
Осылай, бұл ақпарат жалған.