Сарапшылар ескертуі: ЖИ – сенімді технология ма, әлде қауіп пе?

Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінгі таңда шынайы жетістіктер мен маркетиңдік уәделердің өзегіне айналды. Осы ара-жікті түсінуге көмектесу үшін сарапшылар AI Hype Index (“ЖИ хайп индексі”) деп аталатын арнайы жүйе ұсынды. SecurityLab жазғандай, бұл көрсеткіш жасанды интеллектке қатысты қай жерде шын дерек аяқталып, қай жерде жарнама басталатынын ажыратуға көмектеседі.

Бұл мәселе әсіресе ЖИ агенттерінен анық байқалады. Олар адам орнына интернеттен тауар сатып алу немесе ақпарат іздеу сияқты тұрмыстағы істерді орындайды. Дегенмен шынайы өмірде олардың сенімділігі әлі де төмен деңгейде. Сарапшылар бизнес, өндіріс немесе тұрмыстық өмірде болсын, қазіргі ЖИ агенттеріне маңызды шешімдер қабылдауды сеніп тапсыруға ерте дейді.

Бұл тұрғыда беделді ЖИ мамандарының бірі Йошуа Бенджио ЖИ жүйелерге қатысты қауіптерді зерттеуге арналған тәуелсіз, коммерциялық емес бастаманы қолға алды. Ұйым ЖИ агенттерінің адамдарды жаңылыстыруы немесе әдейі қате бағыттауы мүмкін деген қауіптерді талдайды.

Ғалымдар агент негізінде қолданылатын модель әлсіз болса, ол адамның мүддесін тиімді қорғай алмайтынын анықтады. Әсіресе келіссөздер мен автоматты мәмілелер барысында ЖИ жүйелері пайданы жоғалтуы немесе маңызды қателік жіберуі әбден мүмкін.

Соған қарамастан, жасанды интеллекті енгізу қарқынды жалғасып жатыр. OpenAI мен ойыншық өндіруші Mattel компаниясы бірлесіп, балаларға арналған ЖИ функциясы бар өнімдер шығаратынын мәлімдеді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл тауарлар балалардың жас ерекшелігіне сай әрі қауіпсіз болуға тиіс. Бірақ сарапшылар мұндай бастамалардың қаншалықты орынды екенін және оның салдарын кім бақылайтынына күмәнмен қарайды. Мүмкін болатын қауіптер қатарында ЖИ-дің дұрыс жұмыс істемеуі, балалар туралы деректердің ата-аналардың рұқсатынсыз жиналуы және құрылғылардың қиберқорғау тұрғысынан әлсіздігі бар.

Аналитиктердің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай ЖИ индустриясының қаржы айналымы 1,5 триллион доллардан асады. Осындай алып табыс көзі көзделген тұста, компаниялардың қауіп-қатерді ескермей, шектеулі бақылаумен жобаларды іске асыруы заңды құбылыс. Сондықтан сарапшылар ЖИ саласын реттеу мәселесін бірінші орынға қоюды ұсынады.

Журналист

Factcheck.kz