Миллиардер Илон Маск Нью-Йорк қаласы мен штатында шетелдіктер сайлауда дауыс бере алады деді. AFP Fact Check жазуынша, Маск бұл туралы Джо Роганның подкастында мәлімдеген.
«Нью-Йорк штатында заңсыз мигранттар қазірдің өзінде қала және штат сайлауында дауыс бере алады. Көбі мұны білмейді», – деді Маск 2025 жылғы 28 ақпанда Spotify-дағы ең танымал подкастардың бірінде.
Ол Нью-Йоркте шамамен 600 мың заңсыз мигрант тіркелгенін және олардың сайлауға қатыса алатынын да айтты.
Маск Нью-Йорк қалалық кеңесі 2022 жылғы қаңтарда қабылдаған заңға сілтеме жасаған болуы мүмкін. Бұл құжат бойынша, АҚШ-та тұратын немесе жұмыс істеуге рұқсаты бар кейбір азаматтығы жоқ тұлғаларға жергілікті сайлауда дауыс бере алады (архивтегі дереккөздер осында және осында).
АҚШ-та кейбір жергілікті билік органдары, мысалы Вашингтон мен Вермонт штатының Берлингтон қаласы, шетелдіктерге жергілікті сайлауларға қатысуға рұқсат береді. Нью-Йоркте мұндай заңның қабылдануы азаматтығы жоқ адамдардың сайлау құқығын кеңейтуі ықтимал еді.
Дегенмен бұл заң күшіне енбей тұрып, сот шешімімен тоқтатылған. Ақпанда Нью-Йорктің жоғарғы соты заңды қайта қарау жөніндегі соңғы аргументтерді тыңдады. 2025 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша шешім әлі шығарылмаған, сондықтан азаматтығы жоқ адамдар сайлауға тіркеле алмайды.
Заң бойынша дауыс беру құқығына қатысты сот жалғасып жатқанымен, Илон Масктың азаматтығы жоқ адамдар сайлауда дауыс бере алады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Нью-Йорк қаласы мен штатындағы сайлауға тек АҚШ азаматтары ғана қатыса алады.
Контекст
Бұған дейін Factcheck.kz Илон Масктың шындыққа жанаспайтын бірнеше мәлімдемесін талдаған.