Министрлік азаматтардан ЖИ қолдану туралы пікір жинап жатыр

Цифрлық даму министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізіп жатыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, сауалнама 3 наурыздан 9 наурызға дейін жалғасады. Оған eGov mobile қолданушылары қатыса алады.

Министрлік азаматтардан ЖИ қолдану туралы пікір жинап жатыр
eGov mobile қосымшасындағы сауалнаманың скрині

Сауалнама қосымшаның «Хабарламалар» бөлімінде орналасқан. Ол бес сұрақтан тұрады:

  • Жасанды интеллектің не екенін және оның қалай жұмыс істейтінін қаншалықты жақсы білесіз?
  • Өміріңіздің немесе жұмысыңыздың қай саласында ЖИ технологияларымен бетпе-бет келесіз?
  • Қандай тапсырмаларды жасанды интеллектке жүктеуге дайынсыз?
  • ЖИ-дің адам еңбегін алмастыруына қалай қарайсыз?
  • ЖИ-ді жұмыс пен күнделікті өмірде қолдануды үйренгіңіз келе ме?

Әр сұраққа бірнеше жауап нұсқасы ұсынылған.

«Сауалнама нәтижелері талданып, алынған деректер цифрлық дағдыларды дамыту мен жасанды интеллекті күнделікті өмірге енгізу бойынша жаңа бастамаларға негіз болады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Контекст

Енді Қазақстанда жасанды интеллект жүйелері қауіп деңгейіне қарай жіктеледі. Бұл талап Мәжілісте таныстырылған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған енгізілетін өзгерістерде көрсетілген. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, қауіпсіз деп танылған жүйелер нарықта еркін дамиды. Ал орташа және жоғары қауіп деңгейіне жататын жүйелер заң аясында реттеледі.

Журналист

Factcheck.kz