21 сәуірде «Медиазона. Орталық Азия» редакциясы өз жұмысын қайта жалғастыратынын әлеуметтік желіде хабарлады. Алайда басылым әзірге толық күшінде жұмыс істемейтінін жазды.
Екі ай бұрын, 17 ақпанда редакция қызметін уақытша тоқтатқанын еске салайық. Ол кезде басылым бұл қадамға мәжбүр болғанын айтып, жақын арада қайта оралатынына үміт білдірген еді.
«Медиазона. Орталық Азия» — тәуелсіз журналистикаға негізделген ақпараттық басылым. Ол Орталық Азия елдеріндегі адам құқықтары, сот және құқық қорғау жүйелері, әлеуметтік әділеттілік пен саяси процестерге қатысты өзекті мәселелерді көтереді.